Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Жылыой ауданына сапар аясында шалғайдағы Жаңа Қаратон мешітіне барды

  islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.  Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жаңа Қаратон поселкесіндегі мешітке барды.

Құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас имам аталмыш мешіттің ақсақалдар алқасымен, жергілікті жамағатпен кездесті. Кездесу барысында елдегі діни ахуал мәселесі талқыланды. "Қазіргідей алмағайып заманда елдің бірлігін сақтап қалу маңызды. Сондықтан, аға буын мен жастар арасындағы байланыс қылы үзілмеуі керек. Және жат ағымдармен де жаппай бірлесе күресуге шақырамын" деді  Бас имам.

Жергілікті тұрғындар Бас имамның Жаңа Қаратонға ат басын арнайы бұрып келгеніне ризалығын білдірді. Сонымен бірге,  ауыл мешітін заман талабына сай күтіп ұстап тұру, жергілікті имамға, құлшылық үйінің қызметін жетілдіруге ақсақалдардың, жергілікті тұрғындардың атсалысуы мәселесі де талқыланды. 

Сапар аясында Бас имам поселкедегі бір ізділікпен салынған зират қауымы басына барып, Құран бағыштады. 

 

 

 Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді

 islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.  Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында мұнайлы өңірдің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жұма намазының алдында Бас имам жамағатқа «Екі дүниенің сардары» тақырыбында уағыз айтты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген екен: «Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды, мен соларды сендерге жеткіземін. Ол былай деді:

1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол;

2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол;

3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма;

4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе;

5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса;

6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл;

7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын;

8. Әр сөзің Алла Тағаланы еске түсірсін;

9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі».

Міне, бұл Алла Тағаланың Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) берген маңызды кеңестерінің бірқатары. Ол өмір бойына осы кеңестерді орындаумен болған. Ол осынау ізгі қасиеттерді жасап қана қоймай, оларды өзінің кейінгі үмметіне өсиет қылып қалдырған. Бұл айтылғандар ислам этикасының негізін құрайды. Ислам этикасы – жай ғана этика емес. Оны Жаратқан иеміз түсірген және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны бізге жеткізген.

Жоғарыда айтылған этикалық қағидалар айрықша жігерді, дайындықты және өз-өзіңді құрбан етуді талап етеді. Бұл қағидаларды жетекшілікке ала отырып ғұмыр кешу оңай нәрсе емес, алайда ол адам баласы үшін аса ұлы құнды қасиеттер, әрі мәңгілік бақытқа жетудің кілті» деп атап өтті Бас имам өз сөзінде.

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Толығырақ ...

Бас имам Жылыой ауданының халқымен кездесіп, «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын таныстырды

islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.   Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында мұнайлы өңірдің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, негізінен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасымен таныстырып, аталмыш құжаттың маңызы туралы айтты.

Сонымен бірге, Жылыой мәдениет үйінде өткен кездесу барысында Бас имам тәуелсіздік жылдарындағы дініміздің дамуы, қоғам тұтастылығын сақтаудың маңызы туралы әңгімеледі.

«Бұған дейін Атырауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жұмыс істеп жүрген кезімде келген болсам, бүгінгі сапарымның мәні бөлек. Өйткені, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеу жолында еңбек жолым қасиетті Атырау өлкесінде жалғасып отыр.

Дінімізді дәріптеумен қатар, әлемде алаңдатарлық ахуалдың орын алып отырғаны белгілі. Әлемде орын алып жатқан оқиғаларды салыстырып қарасақ, біздің шүкір ететін жағдайымыз бар. Ең бірінші шүкір ететін дүниеміз – тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздік елең-алаңында елімізде небары 68 мешіт болса, қазіргі таңда мешіттер саны 2500-ге жуықтады. Республика бойынша 3000-ға жуық, Атырау көлемінде 75 діни қызметкеріміз бар.

 Тәуелсіздік таңы атқан тұста елімізде бірде-бір медресе болмаған еді. Бүгінде елімізде Нұр-Мүбәрак египет-ислам университеті, колледж деңгейіне теңестірілген медреселер жұмыс істеуде. Атырауда да қайырымдылық мекемесі бар. Бірақ, бұл мекеме әлі де болса медресе деңгейіне жете алмай жатыр. Сондықтан, алдымызда медресе салу мақсаты тұр. Осылайша, Атырауда салынатын медресе еліміздегі медреселер санын онға дейін арттырмақ.

Тағы бір жаңалық – мешіттеріміздегі жамағат қатарының 99 пайызын бүгінде жастарымыз толтырып отыр. Қазақта  «Иманды елді жау алмас» деген керемет сөз бар. Яғни, елдің ел болуын халқымыз сеніммен, иманмен, тәрбиемен байланыстырып келген. Демек, ендігі міндет асыл дінімізді шариғи, ғылыми тұрғыда дәріптеп, исламның өркениет бастауы екендігін насихаттау болмақ» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы кездесу барысында.

Одан әрі ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетелік, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жантөре Рашев жүргізген жиынға зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, сала мамандары және жастар қатысты.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Бас имам Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келді

  islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.   Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Бас имам Жылыой мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездеседі деп күтілуде. Сонымен бірге, жергілікті орталық мешітте жұма намазын өткізіп, әрі қарай Жаңа Қаратон ауылындағы «Нұр Сатыбалды» мешітінде жергілікті жамағатпен кездеседі деп күтілуде.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Оңалтуға қатысты тәсіл – тарихпен тәрбиелеу – Серікбай қажы Ораз

 islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.     Елордада өткен ІХ дінтанушылар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осылай деді.  

«Оңалту шараларына қатысты тағы бір тәсіл – тарихпен тәрбиелеу. Тарих дегеніміз – адамзатттың қоғамдық жады, өзін-өзі тануы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Ғұламалар: «Адам ойын оятқың келсе – оның тарихын оят», – деген тәлімді сөз айтқан.

Діни басқарма «Дін және тарих тағылымы» игі бастамасын одан ары жаңғыртып, жамағатты тарихтан алар сабақтармен сусындатып келеді. Салт пен тарихи санаға, әдет пен ғұрыпқа шекеден қарап, теріс көзқарасқа алданған діни ағымдар үшін арнайы жобаны қолға алдық.

Мақсатымыз – деструктивті ағым өкілдерінің тарихи әрі киелі жерлерге сапарын ұйымдастырып, тарихи санасын жаңғырту. Жуырда Ақтөбеден арқа төсіне келген біртоп жамағатпен жүздесіп, бірнеше сағат сұхбаттастым. Елдік мұрат, тарихи сана, бірлік пен бейбітшіліктің қадірі туралы дәріс оқыдым. Емен-жарқын әңгіменің нәтижесінде олар да өз ойын ортаға салып, пікірлеріміз бір арнаға тоғысты», – деп атап өтті Бас мүфти. 

 

 

Толығырақ ...

Бас мүфти: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ АРХЕОЛОГ ІСПЕТТІ...

    islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл. Елордада өткен ІХ дінтанушылар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осылай деді.  

«Ашығын айтқанда, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі бейнебір археологтардың жұмыс бағытына сәйкес келетін аманаты үлкен сала.

Нәзік саланың мамандары, яғни археологтар мен имамдар жерді белден қазып, жұмысты өндіріп жасайын десе, топырақ астындағы тарихи жәдігерлерді бүлдіріп не сындырып алатыны ақиқат.

Рухани мұраны аршып-алуға сабыр мен төзім, ұқыптылық пен тиянақтылық қажет. Адам санасын оңалту да осындай: жылдармен жинақталған түйсіктегі теріс діни түсінікті күндермен, яки айлармен түзете алмайсың. Бұл ұзақ мерзімді әрі асқан ыждаһаттылықты талап етеді. Сол үшін қоғам болып, бұл мәселеге өз тарапымыздан үлес қосуымыз тиіс», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы. 

 

 
Толығырақ ...