Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді

 islam-atyrau.kz/8 қараша, 2019 жыл.  Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында мұнайлы өңірдің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жұма намазының алдында Бас имам жамағатқа «Екі дүниенің сардары» тақырыбында уағыз айтты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген екен: «Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды, мен соларды сендерге жеткіземін. Ол былай деді:

1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол;

2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол;

3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма;

4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе;

5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса;

6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл;

7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын;

8. Әр сөзің Алла Тағаланы еске түсірсін;

9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі».

Міне, бұл Алла Тағаланың Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) берген маңызды кеңестерінің бірқатары. Ол өмір бойына осы кеңестерді орындаумен болған. Ол осынау ізгі қасиеттерді жасап қана қоймай, оларды өзінің кейінгі үмметіне өсиет қылып қалдырған. Бұл айтылғандар ислам этикасының негізін құрайды. Ислам этикасы – жай ғана этика емес. Оны Жаратқан иеміз түсірген және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны бізге жеткізген.

Жоғарыда айтылған этикалық қағидалар айрықша жігерді, дайындықты және өз-өзіңді құрбан етуді талап етеді. Бұл қағидаларды жетекшілікке ала отырып ғұмыр кешу оңай нәрсе емес, алайда ол адам баласы үшін аса ұлы құнды қасиеттер, әрі мәңгілік бақытқа жетудің кілті» деп атап өтті Бас имам өз сөзінде.

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Жоғарыға