Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы студенттерге рухани тірек туралы айтты

  іslam-atyrau.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбымен өткен жиында дін мен дәстүр сабақтастығы мәселесі көтерілді.

«Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих беттерінде анық бейнеленген. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жастарға темірқазық болатынын айтты.

Кездесу соңында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Толығырақ ...

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы спорт саласының майталмандарымен кездесті

  іslam-atyrau.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы спорт саласының майталмандарымен кездесті.

Орталық «Иманғали» мешітінің жаңарған конференц-залында өткен кездесуде өз саласында жетістікке жеткен чемпиондармен елдің бүгіні, болашағы туралы сұхбат өрбіді.

Имандылық, жат ағымнан сақтану мәселелері ерекше талқыланған жиында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы спортшыларымыз  жастар арасында үлгі болуы керек деген мәселені көтерді.

«Ислам діні – бейбітшілікті, тыныштықты, мейірбандылықты дәріптейді. Біздің зайырлы мемлекетіміздің басты ұстанымы да осы. Яғни, қоғамды бірлік туының маңайына топтастыру. Осы ретте, жастарымыз ізгілікті бойына сіңіріп, дәстүрлі дінімізбен сусындайтын болса, еліміздің болашағы кемел болары хақ» деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...