Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы студенттерге рухани тірек туралы айтты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы студенттерге рухани тірек туралы айтты

  іslam-atyrau.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбымен өткен жиында дін мен дәстүр сабақтастығы мәселесі көтерілді.

«Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих беттерінде анық бейнеленген. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жастарға темірқазық болатынын айтты.

Кездесу соңында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Жоғарыға