Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС

БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС

   islam-atyrau.kz/25 қараша, 2019 жыл.  Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан татар және башқұрт Конгресінің төрағасы Тауфик Каримовпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Татарстанның мәдени-рухани саладағы байланысы сөз болды. Сонымен қатар, екі елдің дін қызметкерлері арасындағы бауырластық байланыстың күн санап артып келе жатқаны айтылды. Басқосуда тараптар қазақ және татар дін қайраткерлерінің рухани мұралары мен еңбектері туралы сөз етіп, оны жас ұрпаққа насихаттаудың қажеттігі жайлы пікір алысты.

Кездесу соңында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Қазақстан татар және башқұрт Конгресінің төрағасы Тауфик Каримов ортақ жобаларды жүзеге асыруға сөз байласты.

 
Жоғарыға