Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Президент Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

  іslam-atyrau.kz/8 ақпан, 2020 жыл.   Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.
Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды.

Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.
Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.


Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.
Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым.
Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.
Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.
Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады.
Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады.
Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.
Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім.
Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.


Уважаемые казахстанцы!
Сегодня ночью в ряде населенных пунктов Кордайского района Жамбылской области произошли стычки и групповая драка между местными жителями. Этой ситуацией попытались воспользоваться провокаторы.
К сожалению, есть погибшие и раненые. Выражаю искренние соболезнования родным и близким погибших граждан. Желаю скорейшего восстановления пострадавшим. В настоящее время ситуация находится под контролем полиции и Национальной гвардии. Государственным органам необходимо принять срочные меры по устранению последствий этого серьезного инцидента.
В связи с этим поручаю: Первое. Создать Правительственную комиссию по ликвидации последствий событий в Кордайском районе под председательством Заместителя Премьер-Министра Сапарбаева Бердибека Машбековича. Прежде всего, следует выяснить основные причины конфликта.
Необходимо обеспечить оперативное решение вопросов социально-экономического и гуманитарного характера.

Правительственная комиссия совместно с акимом Жамбылской области должна организовать похороны погибших, оценить размер ущерба и принять План восстановления собственности пострадавших.
Всем семьям погибших и раненых нужно оказать необходимую помощь.

Сейчас важно успокоить население.
К этой работе подключить Ассамблею народа Казахстана, а также авторитетных людей на месте.
Второе. Генеральному прокурору необходимо взять на особый контроль расследование событий в Кордайском районе и создать для этого межведомственную следственно-оперативную группу.
Виновные должны быть строго наказаны.
Третье. Комитет национальной безопасности, Генеральная прокуратура должны провести необходимые следственные мероприятия и привлечь к ответственности лиц, призывающих к межнациональной розни, распространяющих провокационные слухи и дезинформацию.

 


Қадірлі отандастар!
Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі.
Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған.
Сондықтан, біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз.
Бұл еліміздегі барша азаматтарға ортақ тілек деп санаймын.
Азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын.
Мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Уважаемые казахстанцы!
Мир и общественное согласие являются фундаментом нашего государства.
Наш народ сохранял единство в самых сложных обстоятельствах.
Мы не допустим, чтобы отдельные граждане, в том числе и в первую очередь провокаторы, нанесли ущерб нашему общему достоянию.
Уверен, в этом нас поддерживает абсолютное большинство наших соотечественников.
Призываю граждан не поддаваться ложным слухам, оказывать содействие органам правопорядка в обеспечении общественной безопасности.
Государственные органы со своей стороны примут все необходимые меры для решения возникших проблем.

Толығырақ ...

ҚМДБ: ҚОҒАМДЫҚ ТЫНЫШТЫҚ - АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

іslam-atyrau.kz/8 ақпан, 2020 жыл.   Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр.

Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Толығырақ ...

ҚМДБ: ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

 іslam-atyrau.kz/8 ақпан, 2020 жыл.  Елордада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайы соңында жиынның Үндеуі оқылды. Үндеуді ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан қажы Мансұров оқып берді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша қауымды ынтымақ-бірлікке, өзара сыйластыққа, еліміздің дінаралық және ұлтаралық достық пен түсіністікке негізделген бастамаларына үлес қосып келеді. Бүгінде Діни басқарманың жұмыс бағыты бабалар салған дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы мен Имам Матуриди сенім мектебіне құрылуы – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің кепілі.  

Осы ретте барша дін қызметкерлерін «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы қоғамға қажетті имандылық, ибалылық, отаншылдық сынды қасиеттерді насихаттауға, жастарды жат ағымнан қайтарып, сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрлі ислам жолына үгіттеуге шықарымыз.

Бүгінгі құрылтай еліміздегі мұсылмандардың қарашаңырағы атанған Діни басқарманың отыз жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Ендеше, баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, халқымызға береке-бірлік тілейміз» делінген Үндеу мәтінінде.

Толығырақ ...