Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ «ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН» АШУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/26 ақпан, 2020 жыл.  Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста ҚМДБ-ның облыстық өкілдіктерінде «Қажылық орталығын» ашу туралы мәселе талқыланды.

Бұл орталықтың қажылық маусымында ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні сөз болды.

«Облыстық өкілдіктер жанынан «Қажылық орталығын» ашуды тапсырамын. Көп жағдайда қажыға барушылар арасында рухани сапардың маңызы мен қажылық рәсімдерін білмейтіндер кездеседі. Сондықтан осындай жандар үшін арнайы мамандар бекітіліп, аталған орталықтарда түрлі семинарлар ұйымдастырып, қажылық рәсімі мен Алла үйін зиярат етудің тәртібі түсіндірілуі қажет. Қажылықтың сауабы туралы да жан-жақты мәлімет берілуі керек. «Қажылық орталығы» осындай маңызды да сауапты істерге мұрындық болатын үлкен орталыққа айналуы тиіс» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұл бастамасына байланысты ҚМДБ-ның облыстағы өкілдіктеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

Толығырақ ...

«Е-МҮФТИЯТ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/26 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі құрылатын болды.

Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

Айта кетсек, «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілмек.

«Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінің жалғама құрылысының шатыры жабылды

   іslam-atyrau.kz/26 ақпан, 2020 жыл.  Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау қаласындағы Тасқала елдімекенінде орналасқан «Мәулімберген» мешітіне жалғама ғимарат құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жамағаттың асарлатуымен жүргізіліп жатқан ғимараттың шатыры жабылды. «Жалғама құрылыстың төбесін оңтүстік өңірден арнайы келген бір топ азамат үш күн ішінде жауып берді. Мешіт құрылысына бей-жай қарамай, атсалысып жатқан азаматтардың барлығына алғысымыз шексіз.

Мешіттің кеңейтудің өзі заман талабынан туындап отырған жағдай. Бұрынырақта мешіттеріміздің іші бос тұрған болса, қазір намазға жығылуға келетін жамағаттың санында есеп жоқ. Жалғама құрылыс мешітіміздің сыйымдылығын арттырады. Әрі зиярат етушілерге де жағдай жасалады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Мақат ауданында қайырымдылық футболы ұйымдастырылды

  іslam-atyrau.kz/26 ақпан, 2020 жыл.  Мақат ауданында қайырымдылық футболы болып өтті. Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада жергілікті мекемелерден құралған 13 команда бақ сынасты.

Тартысты өткен бәсекеде бірінші орынды  Мақат аудандық орталық мешітінің жамағатынан құралған команда еншіледі. «Доссор» және «Денешынықтыру-сауықтыру кешені» командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Спорттық шарадан түскен 200 мың теңгеге жуық қаражат сал ауруына шалдыққан бүлдіршін Алтынай Сағынтайқызының ем алуы үшін тапсырылды.

«Осылайша біз қайырымдылық шарасын ерекше форматта өткізіп отырмыз. Әрі жергілікті тұрғындардың арасындағы ауызбірлікті нығайтуды мақсат еткен шарамыз салауатты өмір салтын да дәріптеп отыр. Ислам дінінде денсаулықты күту, мықты мұсылман болу мәселесіне ерекше назар аударылған» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің Бас имамы Сағындықов.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...