Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Алғабас ауылында жұма намазын жүргізді

іslam-atyrau.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Мұнайлы өлкенің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бүгін Атыраудағы Мәулімберген мешітінде жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты.

Алғабас ауылында өткен жұма намазында мешіт ішіндегі әдептілік, отбасында, қоғамда исламға сай әрекет ету тақырыптарын қозғады.

"Мешіт - жер бетіне Алланы дәріптейтін мекен. Мешітке келген адам өзін өзгертуі керек. Сол арқылы, мешітке келген адамға қоғам қызыға қарайтын деңгейге жетуіміз керек. Ол үшін бізге амал, әрекетімізді, ниетімізді бақылауда ұстай білу маңызды. Яғни, көркем мінез, кішіпейілділік, қарапайымдылық пен инабаттылық мұсылманды кемел етіп тұрады" деді уағыз барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.  

Сондай ақ, ұстаз ел бірлігін сақтау, қоғамның тыныштығы, өзгені қадірлеу мәселелеріне байланысты кеңінен сұхбат  өрбітті. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Ұстаз Мәди Ахмедов Жұлдыз мешіті жамағатымен жүздесіп, жергілікті арнаға сұхбат берді

  іslam-atyrau.kz/14 ақпан, 2020 жыл.  Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мәди Ахметов Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің жамағатымен жүздесті.

 Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі  жамағаттың ауызбіршілігі, елдің тыныштығы тақырыбын қозғаған ұстаз  Мәди Ахметов бөлінбей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың маңызы туралы уағыз айтты.

"Негізі, шынайы мұсылманның бейнесі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге қалай үйретті, солай болуы керек. Себебі, ислам діні – бейбітшіліктің, татулықтың діні. Байқасаңыздар, мешіттердің күмбезінде айдың бейнесі тұрады. Бұған көпшілік аса мəн бере бермеуі мүмкін. Бірақ, ол айдың үлкен мəні бар. Ай қараңғыда түскен жарықтың белгісі. Ислам діні де пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келген кезде сол кездегі қоғам қараңғылықта болатын. Ислам – адамдарды сол қараңғылықтан шығару үшін келген дін. Сол себептен, мешіттердің төбесінде айдың белгісі тұрады" дейді ұстаз Мәди Ахметов.

Сондай ақ, ұстаз Мәди Ахметов жергілікті "Атырау" телеарнасына арнайы сұхбат беріп, студия қонағы болды. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Исламтанушы Мәди Ахмедов Жылыойда жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты

 іslam-atyrau.kz/14 ақпан, 2020 жыл.    Дәстүрлі исламды насихаттау,  экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі, Алматы қаласы Алатау ауданының Бас имамы Мәди Ахмедов Атырау өңіріне сапары аясында Жылыой ауданына келді.

Жергілікті жамағатпен жұма намазында кездесіп, келелі уағыз насихат жүргізді.  

"Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттерді қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі. Мешіттен аттап өтуге ешкімнің жүрегі дауаламайтыны да сондықтан. Олай болса, мешіттеріміздің мұсылман жамағатқа толуы еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болып табылатынын ескере жүргеніміз абзал,- деді исламтанушы Мәди Ахмедов  "Мешіт имандылық ұясы" тақырыбында айтқан уағыз барысында.

«Кімде-кім мешітке кірсе және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендердің біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған:

Уа, Алла! Оны мейіріміңе бөле

Уа, Алла! Оны кешіріп, жарылқа

Уа, Алла! Оның тәубесін қабыл ет – деп тілейді. Сондай-ақ періштелердің дұғалары ол адам сол отырысында біреуге азар беріп қоймайынша немесе дәреті бұзылмайынша жалғаса береді» - деген.

Сондықтан Алланың бізге нәсіп еткен тыныштығын сақтап, бөліну мен алауыздықтан сақтанайық!» деп нақтылады сөзін Республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі Мәди Ахмедов. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...