Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

530 МЕШІТТЕ ҚАЖЫЛЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ (ФОТО)

     іslam-atyrau.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.   2019 жылы қажылық маусымы қарсаңында 530 мешітте Қажылық және Умра дәрістері ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов хабарлады.

«Дәрісті өткізудегі мақсат – отандастарымыздың ұлы сапарға рухани дайындығын пысықтау, толғандырған сауалдарына толық жауап беру. Осы мақсатта еліміз бойынша 530 мешітте қажылық сапарына байланысты семинар өтті. Онда қажылықтың парыздары, рәсімдері, құрбандық шалу, тәуап ету, Арафат тауы мен Мина жазығында атқарылатын амалдар, т.б. шарттар мен рүкіндер түсіндірілді. Семинарда арнайы бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді. Ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи шарттар жайында аят-хадистерден дәлелдер келтіріліп, қажыларға қажетті маңызды мәліметтер жеткізілді» дейді Жәнділла Мамытханұлы.

Айта кетсек, 2019 жылы еліміз бойынша 3200 отандасымыз қажылық парызын өтеп қайтты.

 
Толығырақ ...