Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

242 ШӘКІРТ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/5 қаңтар, 2020 жыл.   2019 жылы діни оқу орындарын бітірген 242 шәкірт қызметке қабылданды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медресе-колледж бен «Нұр Мүбәрак» университетін бітірген 242 түлек Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен қызметке қабылданды. Олар жер-жердегі мешіт пен медреселерде ұстаз, имам, азаншы қызметін атқаруда» деп атап өтті Б.Әліпбекұлы.

 
Толығырақ ...

«ХИКМЕТ» ТВ 294 БЕЙНЕ, АУДИО ӨНІМ ЖАСАДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/5 қаңтар, 2020 жыл.   2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы 294 бейне, аудио өнім жасады. Бұл туралы «Хикмет» ТВ редакторы Ерболат Сапаров мәлімдеді.

«Бүгінде аудио және бейне уағыздарға, діни кеңестерге сұраныс көп. Осыған орай біз 2019 жылы өзіміздің 294 төл телерадио өнімді интернет ресурстарына жүктедік. «Қажылық күнделігі», «Жеті рухани қазық», «Адамзаттың абзалы» атты тақырыптар аясында арнайы бейнеролик жасалды. «Хикмет» телерадиостудиясының жұмыс ауқымын кеңейтіп, студияның интернет телеарнасын ашу жоспарымызда бар» дейді Ерболат Айтбайұлы.

 
Толығырақ ...