Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дәурен Абаев: Дін саласы бойынша стратегиялық құжат қабылдау қажет

    іslam-atyrau.kz/28 қаңтар, 2020 жыл. «Жусан» операциясының арқасында елге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты.

«Дін саласында біздің алдымызда келесідей міндеттер тұр. Біріншіден, орта мерзімді келешекте дін саласын дамыту бойынша стратегиялық құжат әзірлеп, қабылдау қажет. Биыл 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдасын жүзеге асыру мерзімінің аяқталатындығы белгілі» деді Дәурен Абаев.

Министр екіншіден, осы салаға басшылық жасайтын орынбасарына «Жусан» операциясы арқасында лаңкестік белсенділік ушығып тұрған аймақтардан елімізге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту міндетін жүктеді. «Үшіншіден, биыл Дінтанушылардың форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің XIX хатшылығын өткізу қажет. Төртіншіден, Алматы қаласында «Нұр-Мүбәрак« университетінің жаңа корпусының құрылысын бастау керек» деді ол.

 

Дереккөз: "казислам.кз"

Толығырақ ...

ҚМДБ-30: ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

  іslam-atyrau.kz/28 қаңтар, 2020 жыл.  Өзбекстан мүфтиі Осмонхан Әлімов Бас мүфти Серікбай қажы Оразға ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай құттықтау хат жолдады. Ол Өзбекстан мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы достық қарым-қатынас туралы айта келе, ақ тілегін жеткізді.

«Өткен жылдары Қазақстанның дін көсемдерінің біздің жұртқа келуі, өзбекстандың ғалымдардың Қазақстанға баруы арақатынасымызды жаңа деңгейге шығарды. Қазақстанда Ислам дінінің кең насихатталуы, кадр даярлау және басқа да діни қызметтер барысында көптеген істер атқарылғаны жайында біздің хабарымыз бар. Сіздің басшылығыңызбен бірнеше шетел мемлекеттермен қарым-қатынастар жолға қойылды. Әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінің Пәтуа кеңесінің кездесулерін жеке атап өтуге болады. 

Бәріміздің әрекетіміз қасиетті дініміздің тазалығын сақтау, дінаралық және ұлтаралық татулықты қолдау, тыныштық пен береке-бірлікті қадірлеу, халқымызды бұзық пиғылдардан қорғау секілді ізгі мақаттарды жүзеге асыруға қаратылған» делінген құттықтау хатта.

 

 
Толығырақ ...

Иман жастары: Сағыз ауылында кіші аяқ доптан І ауылішілік лига өтті

  іslam-atyrau.kz/28 қаңтар, 2020 жыл.  Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортына қолдау көрсету мақсатында Абдолла Хазірет мешіті жанынан құрылған "Сағыз иман жастары" еріктілер тобының ұйымдастыруымен желтоқсан-қаңтар айында кіші аяқ доптан өткен І ауылішілк лигасы өз мәресіне жетті.

Жеңімпаздарды марапаттауға Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылындағы "Абдолла Хазірет" мешітінің бас имамы Ерлан Маратұлы, Сағыз спорт кешенінің басшысы Беркінбай Сұлтанов қатысып, ауыл жастарына алғыс білдірді.

Турнир кестесіндегі ұпай сандарының нәтижесінде "Самұрық" командасы жеңімпаз атанды. "Азамат", ",ФОК" командалары межелі ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Алғаш мәрте ұйымдастырылып отырған ауылішілік лиганың "Ең үздік ойыншысы" болып Ардақ Құланов  танылды.

Сондай-ақ, турнир барысында ерекше көзге түскен футболшылар "Үздік қақпашы" Эльдар Айдынғали   (Иман жастары),"Үздік шабуылшы"  Ақылбек Әлденов  (Иман жастары),"Үздік қорғаушы"  Олжас Балгерей (Құлагер),  Самат Берікұлы  (Локоматив) және Айболат Атырау  (ФОК) "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды.

Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар табысталды.

 

 

 

 

Толығырақ ...