Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда шалғай ауыл мешіттері дәретханамен қамтамасыз етілуде

   іslam-atyrau.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «30 игі шара» жобасы аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жаңа бастаманың ұйытқысы болып отыр.

  Жоба дәретханасы жоқ ауылдық мешіттерді дәретханамен қамтамасыз етуді көздейді. Алғашқы мешіт дәретханасы Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылында тұрғызылды. Ерлердің, әйелдердің дәретханасы бөлек орналастырылған. Және дәрет алатын орын да арнайы қарастырылған. Ауылдық жер болғанына қарамастан, дәрет алатын орын ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген.

  «Жоба барысында қаланың кәсіпкерлерін ауылға тартып отырмыз. Жоба аясында онға жуық ауыл мешіттерін дәретханамен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен бірге, заман талаптарына толықтай жауап беретінқұдық та қазылады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Семейге тарихи орталық мәртебесі беріледі

   іslam-atyrau.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.  Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәрбесін берудің маңызы жайында айтты.

«Сіз Семей қаласын абаттандыру жайында баяндадыңыз. Қазіргі кезде менің шешіміме сәйкес, Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бұл тек атау ғана емес, осы орайда бірқатар нақты шаралар қамтылады, яғни шынымен де осы тарихи қаланың тұрғындары Үкіметтің, басшылықтың тарапынан көңіл бөлініп отырғанын сезіну үшін керек. Менің ойымша, бұл міндетті сіз жүзеге асыра аласыз» деді Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар қандай бағытта өтуі керектігін түсіндірді.

 

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Толығырақ ...

Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

  іslam-atyrau.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.  Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты елорда мешіттері «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастады.

Кешеден бері көз аштырмастан үдей соққан ақтүтек боран талай жанды жолда қалдырып, қаһарлы қыстың қаталдығын көрсетіп бағуда. Көліктер қарға кептеліп, жаяу жүргіншілердің жағдайы ауырлаған осы бір шақтарда ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі жұрт болып жұмыла өткізуге шақырады.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап, барлық мешіт қызметкерлері қала тұрғындарын тегін тасымалдауға кірісті. Игі шараға Бас шаһардағы 12 мешіт қызметкері түгелдей атсалысуда.

Құрметті қала тұрғындары! «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челленджіне сіздер де атсалысыңыздар!

 
Толығырақ ...

ҚМДБ-30: МОҢҒОЛИЯ МҰСЫЛМАН ОДАҒЫ БАСШЫСЫ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 іslam-atyrau.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.   Моңғолия мұсылман ұйымдары «Дін Ислам» одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады. ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Батырбек қажы Хадысұлы өзінің ақ тілегін арнады.

«Қазақ елі мұсылмандарының қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылуының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бұл мерейтой – сіздердің ғана емес дүниенің түпкір-түпкіріндегі Алаш жұртына ортақ мереке.

ҚМДБ егемендік алудан бұрын орнаған Қазақ елі тәуелсіздігінің берік тұғырларының бірі әрі бірегейі деп білемін. Қазақ халқын хақ дінге шақырып, жақсылыққа үндеп, жастарды имандылыққа тәрбиелеп, жамағатты ынтымақ-бірлікке ұйытып, бейбітшілік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болып келесіздер» делінген құттықтау хатта.

 
Толығырақ ...