Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚМДБ-30: БАӘ ЕЛШІСІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

   іslam-atyrau.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммад Ахмад Әлджабер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хатын жолдады.

ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған М.Әлджабер құттықтау хатында ізгі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Қазақстан Республикасының сындарлы саясаты негізінде қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтуде, конфессияаралық татулықты нығайтуда және дұрыс бағыттағы діни ұстанымдарды дәріптеуде Діни басқарманың үлесі орасан зор.

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге және өзіңіз басқарып отырған Діни басқарманың ұжымына зор денсаулық, бақыт, құт-береке және атқарып отырған игі істеріңізге сәттілік тілеймін» делінген БАӘ елшісінің құттықтау хатында.

Толығырақ ...

ҚМДБ-30: АНАДОЛЫДАН АЛҒАДАЙ ТІЛЕК ЖЕТТІ

     іslam-atyrau.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Әли Ербаш:

«Дос әрі бауырлас екі ел арасында шынайы татулық ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы бауырластық қарым-қатынас аясы күн санап кеңейіп келеді. Осы орайда, 30 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Басқармада қызмет атқаратын барша әріптестерімізге Алла Тағаладан табыс тілеймін. Қазақстан халқына жалынды сәлемім мен шынайы ықыласымды жолдаймын», - дейді.

 
Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛЫҚ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

 іslam-atyrau.kz/23 қаңтар, 2020 жыл.  Сауд Арабия Королдігінде 2020 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша ресми кездесулер өтті.

Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшаттың қабылдауында болды.

Кездесуге ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев, Бас мүфтидің кеңесшілері Балтабай Мекежанов, Бижігіт Қойшиев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов қатысты.

Басқосуда Қажылық және ұмра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат Қазақстан Қажылық миссиясының былтырғы атқарған жұмыстарына оң баға беріп, 2020 жылға Қазақстанның қажылары үшін 3000 қажыға орын бөлінгенін хабарлады. Яғни, биыл Қазақстаннан 3000 адам қажылық парызын өтей алады.

Сондай-ақ басқосуда биылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары, виза шығару, әуе тасымалдау, қажылардың денсаулығы мен жол қауіпсіздігі секілді мәселелер талқыланды. Жүздесу соңында ҚМДБ тарапынан төраға, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, САК Қажылық және умра министрлігі тарапынан вице-министр Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат тараптардың міндеттері мен мақсаттарын айқындайтын келісім құжатына қол қойды.

 
Толығырақ ...