Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында дәріс оқыды

   іslam-atyrau.kz/17 қаңтар, 2020 жыл. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі  Сансызбай Құрбанұлы Алматыдағы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына ат басын бұрды.

Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатқан имамдармен жүздесіп, тәлімі мол дәріс өткізді.

«Бұл институтта еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған имамдарға тереңірек білім беріледі. Бұл өте маңызды. Арыстардың бәрі ауылдан шыққан. Соныдқтан ауыл-аймақтардағы имамдардың діни сауатының мол болуы қажет. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жатқан Ислам институты ұжымының жұмысына береке тілеймін» деп атап өтті Сансызбай Құрбанұлы.

 
Толығырақ ...

ҚМДБ-30: ИОРДАНИЯ ЕЛШІСІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 іslam-atyrau.kz/17 қаңтар, 2020 жыл.  Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абдельғани Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хатын жолдады.

ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Юсуф Абдельғани құттықтау хатында ізгі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Сізге және Басқарма ұжымына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай жолдаған құттықтауым мен жүрекжарды тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын. Сіздердің ізгі де сауапты қызметтеріңізге толағай табыстар мен жетістіктер тілей отырып, Сіздің мол тәжірибеңіз бен діни біліміңіз бауырлас қазақ елінің рухани жандану жолында өз септігін тигізетіндігіне сенім білдіремін» делінген Иордан Елшісінің құттықтау хатында.  

 
Толығырақ ...