Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

    іslam-atyrau.kz/14 қаңтар, 2020 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

 

Кездесуде Серікбай қажы Ораз мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асатын 30 игі шараның жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚМДБ ұйымдастыруымен өтетін әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай жоспарланған халықаралық конференциялардың бағдарламасымен таныстырды.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің ҚМДБ тізгінін қолға алған жылдар діни сала үшін өрлеу, ағарту кезеңі болғанын айрықша атап өтіп, елеулі еңбегіне ізгі ниеті мен алғысын жеткізді.

Кездесу соңында дін қайраткерлері елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет етудің маңызына тоқталып, ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

 
Толығырақ ...

ҚМДБ-30: МИНИСТР 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    іslam-atyrau.kz/14 қаңтар, 2020 жыл.  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады. ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Дәурен Әскербекұлы өзінің игі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Сізді өзіңіз басқарып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!

Бүгінде Діни басқарма жұртшылықты жақсылыққа үндеп, иманды істерге ұйытқы болып, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауға орасан қызмет атқаруда. Алдағы уақытта да ел ертеңі үшін ортақ мүдде жолында табандылықпен жұмыс жасай беретіндеріңізге сенемін.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халық арасында жауапкершілігі мен сауабы мол рухани қызметіне зор жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!» делінген министрдің құттықтау хатында.

 

 

 

 

Толығырақ ...

ҚМДБ-30: БҰРЫНҒЫ БАС МҮФТИЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

   іslam-atyrau.kz/14 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында бұрынғы Бас мүфтилер - Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлымен кездесіп, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай дін қайраткерлерінің иығына шапан жапты.

Серікбай Сатыбалдыұлы еліміздің игілігі мен бірлігіне, Ислам дінінің дамуына сүбелі үлес қосқан мүфтилерге алғадай алғысы мен ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде мүфтилер мүфтияттың қызметін жаңғырту жолындағы жобаларды талқылады. Сондай-ақ, ширек ғасырдан астам кезеңге қадам басқан ҚМДБ бастамаларына сәттілік тіледі.

 
Толығырақ ...