Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мұрат ЖҰРЫНОВ: ДІН МЕН ТІЛ - ҚОС ҚАНАТЫМЫЗ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.   Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өткен дөңгелек үстелде Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов осылай деді.

"Қанша жыл дінге қарсы саясатты бастан кешкенімізбен, рухани құндылықсыз, нақты айтқанда, дінсіз болашаққа қадам баса алмаймыз. Дін мен тіл - қос қанатымыз. Осы ретте асыл дінімізді халқымызға насихаттап, дәстүрімізді дәріптеп келе жатқан Бас мүфтиге, оның ұжымына алғыс айтамын. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Алла баршамызға жар болсын", - деп игі тілегін жеткізді Мұрат Жұрынов.

Айта кетсек, бүгін, яғни 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

 

 

Толығырақ ...

Смағұл ЕЛУБАЙ: МҮФТИЯТ ТӨҢІРЕГІНЕ ТОПТАСУЫМЫЗ КЕРЕК (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен дөңгелек үстелде белгілі жазушы Смағұл Елубай осылай деді.

"Иманды қоғам құруға баршамыз үлес қосуымыз қажет. Өз басым жазушы ретінде кітап жазып, ғибратты тарихи киноларға сценарий дайындап жүрмін. Әрине, имандылыққа үндеу ісінде мүфтияттың қызметі үлкен маңызға ие. 30 жылдық мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын. Біз, зиялы қауым өкілдері Діни басқарма төңірегіне топтаса алуымыз керек. Сонда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Әйтпесе, жастар тәрбиесі өзекті мәселеге айналды", - деді Смағұл Елубай.

Айта кетсек, бүгін, яғни 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

 
Толығырақ ...

ҚМДБ-30: АЛМАТЫДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ (+ФОТО)

   іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Еркін пікір алмасу форматында өткен алқалы жиынға Қазақстанның алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов, Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі, бұрынғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, жазушы, қаламгерлер Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, қоғам қайраткерлері Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Ісмақова, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, белгілі ғалымдар Бақытжан Сатершинов, Ықтияр Палтөре, Алматы қаласының имамдары қатысты.

Кездесуді ашқан Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова алғашқы сөзді Бас мүфти Серікбай қажы Оразға ұсынды.
ҚМДБ Төрағасы шараға келген зиялы қауым өкілдері мен ғалымдарға алғыс айтып, мүфтияттың тарихы, бүгіні мен болашағы туралы баяндама жасады. Дөңгелек үстелде сөз алған Мұрат Жұрынов, Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Ержан қажы Малғажыұлы, Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Ісмақовалар Бас мүфтиді, барша дін қызметкерлерін мүфтияттың 30 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегі мен ниетін жеткізді. Сонымен қатар, жастар тәрбиесі, ұлт болашағы, дін тұтастығы, т.б. қоғамда көрініс берген өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсынысын білдірді. Келелі кездесу соңында ҚМДБ қызметін дамыту бағытында бірқатар пікірлер айтылды. Серікбай Сатыбалдыұлы айтылған ұсыныстар жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.

Айта кетсек, бүгін, 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.
Осынау мерейтой аясында ҚМДБ 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беру, 30 елдімекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесіне оң ықпал ету, 30 отбасыға қайырымдылық жасау, 30 студентке грант тағайындау, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізу т.б. игі іс-шараны қолға алғалы отыр. 

 
Толығырақ ...

ҚМДБ: 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ ТАРИХИ КӨРМЕДЕН БАСТАЛДЫ (+ ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. 12 қаңтар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылған күн.

Осынау тарихи күнге орай Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада мүфтияттың тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрме шарасы өтті.

Игі іс-шараға Қазақстанның алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, академик Мұрат Жұрынов, Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі, бұрынғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, жазушы, қаламгерлер – Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, қоғам қайраткерлері – Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Ісмақова, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, елімізге танымал ғалымдар мен Алматы қаласының имамдары қатысты.

Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ХІІ, XVIII ғасырда жарық көрген Құранның көне нұсқалары, тарихи қолжазбалар, мүфтиятты әр жылдары басқарған мүфтилердің кітаптары, діни-тарихи еңбектер қойылды.

 
Толығырақ ...

Мүфтияттың құрылғанына - 30 жыл

    іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

ҚМДБ осыдан тура 30 жыл бұрын іргетасы 1943 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте қаланған Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп, дербес діни басқарма болып құрылды. Осы күні Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайы өтіп, Бас мүфти қызметіне Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды. Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы ақсақалдың кезіндегі уақытты «алғашқы сауат ашу кезеңі» деуге болады.

2000 жылы өткен ІІІ құрылтайда Бас мүфти болып профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі сайланды. Ғылыми саладан діни қызметке ауысқан Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфти болған жылдар «ағарту кезеңі» болды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды. Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти болған жылдары мүфтият «өрлеу кезеңіне» қадам басты.

2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды. ҚМДБ тізгінін қолға алған Серікбай қажы Ораздың бүгінгі кезеңі жаңа замандағы "жауапты кезең".

ҚМДБ Бас мүфти, Наиб мүфти, Бас мүфти кеңесшісі, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ Төралқасы, Аппарат жетекшісі, Діни істер және талдау, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Іс басқарушысы, Халықаралық қатынас және протокол, Қажылық, Насихат және қоғаммен байланыс, Діни білім және кадр даярлау, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз, Уақып және қайырымдылық бөлімдері мен Ғаламтормен жұмыс, Әйел-қыздар, Жастар сынды сектордан құралған.

ҚМДБ ел тұрғындарына Ислам дінінің ханафи мәзһабын насихаттап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, білімді мамандар дайындап және жат ағымдармен күрес жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚМДБ діни әдебиеттерді дайындау және сараптамадан өткізу сынды жұмыстарды атқарса, 2019 жылдың қазан айынан бастап «Мұнара» газеті қалың оқырманға жол тартты.

Құрылғанына ширек ғасырдан асқан мүфтият 30 жылдық белесті бағындырып, ел мұсылмандарының қарашаңырағына айналды. Осынау мерейтой аясында ҚМДБ 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беруді, 30 елдімекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді, т.б. игі іс-шараны қолға алғалы отыр. 

Толығырақ ...