Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда теннистен жарыс өтті

іslam-atyrau.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толу датасына орай, Атырауда теннистен жарыс өтті.

Орталық "Иманғали" мешітінің ұйымдастыруымен өткен турнирге мешіт жамағаты және еріктілер қатысып, өзара бақ сынасты.

Турнир қорытындысымен бірінші орын жеңіп алған команда мүшелерінің (үш адам) әрқайсына бір-бір қойдан табыс етілді. Екінші  және үшінші орын иелері қаржылай сыйлықпен марапатталды.

"Бұл жердегі мақсатымыз - жамағат арасындағы бірлікті арттыру. Мүфтият еліміздегі барша мұсылман қауымды біріктіріп отырған қасиетті орын. Біздің басты миссиямыз мұсылман бауырларымызды еліміздің игілігі жолында біріктіру" деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мұндай шаралардың жалғасатынын айтты. 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...