Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат орталық мешітіне жаңа кілемдер төселді

  іslam-atyrau.kz/10 қаңтар, 2020 жыл.  Мақат аудандық орталық мешітіне жаңа кілемдер төселді. Бұл жаңалық құлшылық жасауға келген бауырларымызға жасалған ерекше жағдай десек те болады.

Себебі,  Мақат аудандық орталық мешіті салынғалы бері аса бір күрделі жөндеуден өткен жоқ.

«Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мақат кентінің орталық мешітіне күрделі жөндеуге көмек сұраған видео үндеу жарияланған еді.Жоғарыда аталған үндеуден кейін ауылдың бір топ азаматтары қаражат жинап, әктеу, сырлау, кейбір бұйымдарын жаңарту секілді істерге атсалысқан болатын. Енді міне, жомарт жандар құлшылық үйіне жаңа төсеніш кілемін сыйға тартты» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Назар» бағдарламасына спикер ретінде қатысты

іslam-atyrau.kz/10 қаңтар, 2020 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Назар» бағдарламасына спикер ретінде қатысты.

«Атырау» телеарнасында тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында ерікті болу мәселесі талқыланды.

«Исламның негізгі тіні – қайырымдылықпен, адамгершілікпен байланысты. Еріктілердің қоғамдағы олардың орны ерекше. Олар жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Алла разылығы үшін жақсылық жасайды. Бір сөзбен айтқан кезде адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топтың ісі көпке үлгі болуы керек» деп атап өтті өз сөзінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

Шара аясында орталық мешіттен көмек сұрап келген азаматшаға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қаржылай қолдау көрсетті. 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...