Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауға РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев келді

 islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырауға жұмыс сапарымен республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, теолог, Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы  Бауыржан Отарбаев келді.

Орталық "Иманғали" мешітінің жамағатымен жүздескен ұстаз Бауыржан Отарбаев келелі мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, Ақшам намазынан кейін Құптан намазына дейінгі аралықта жамағатқа жат ағымға түсудің алдын алу туралы уағыз айтты. 

"Қателесу - керегімді өзім жинап аламын деген ойдан басталады. Асылында, білімді ілім иесінен алған жөн. Бұл ретте ілім ізденушіге мүфтият ұсынған ғалым, ұстаздар көмекке келе алады" деп атап өтті РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жылыойда жамағат арасындағы білім сайысының екінші кезеңі өтті

islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл.  Осыдан екі ай бұрын Жылыойда  жамағаттың діни білімінің сапасын арттыру мақсатында "РАББЫМ БІЛІМІМДІ АРТТЫР" сайысы ұйымдастырылған болатын.

Нәтижесінде білім сайысының 1-ші кезеңінен іріктеліп шыққан 40 адам екінші кезеңге жолдама алған еді. Жуырда Жылыой ауданының орталық мешітінде аталған білім жарысының 2-ші кезеңі ұйымдастырылып, жамағаттың білім деңгейін тексеру мақсатында кезекті сынақ өтті.

"Сайысқа қатысушы жамағат "Фиқһ" (ғибадат), "Ақида" (сенім), "Сира" (Пайғамбар өмірбаяны) және "Сахабалар өмірбаяны" тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, "Құран" және "Тәжуид" ережелерінен сұрақтар қойылып, жиналған жамағатқа  "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабынан дәріс өткізіліп, кітап таратылды. Осы шарамыз алдағы уақытта жалғасын тауып, 3-ші кезең ақтық мәресінде ең мықты білімдіні бағалы сыйлықтармен марапаттайтын боламыз" дейді Жылыой орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жылыой мешітінде жылы еден төселіп, жаңарту жұмыстары жүргізілді

 islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл.  Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінде қысқа дайындық жұмыстары жүргізілді.

Яғни, мешітке  жылы еден төсемі орнатылды, сонымен бірге жылу қазандығы ауыстырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында қазақ қарпін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі көтеріліп, кешенді бағдарлама қабылданғаны белгілі. Осы ретте Жылыой ауданында орталық мешіттің атауы латын әрпімен қарпімен жазылып, мешіттің маңдайына жаңаша реңк берілді.  

"Бұдан бөлек, мешіт алдына келуші кісілерге арналып, мешіт әдептері тақтайшасы жасалып, орналастырылды" дейді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жұлдыз мешітінде намаз оқу алаңы пайдалануға берілді

     islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ауласына жамағат үшін намаз оқитын орын жасақталды.

"Жамағатпен бірге, жергілікті кәсіпкерлер жұмылған бұл намаз оқитын орын мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасақталып отыр. Әсіресе, діни мейрамдарда жамағатқа лық толған мешіт ішінен орын таба алмағандар, намаз кезінде аулаға жасалған арнайы намаз орнына келіп құлшылық жасай алады" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітті кеңейту мақсатында, жапсарлас ғимарат салу жұмысы қолға алынуда.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Адал кәсіп ету - мұсылманның ғұмырлық ұстанымы

 Иә, адам баласы кемел сана мен тіршілікке икемді қабілет иесі болғандықтан, дәйім нан талап қып, еңбек етуі қажет. Тіршілік етуге қабілет-қарымы бола-тұра шарасыздық танытып, жарлы-жақыбайдың күйіне түсу – ар көтермейтін сын.

 Шынтуайтында, мұсылман баласы ризықты Жаббар Хақтың жазатынын біліп, өз несібесіне ие болу үшін қал-қадірінше еңбектенеді. Ал, Ұлы Жаратушы төккен терің, жасаған амалыңа қарай ризық-несібеңді береді. Тәңір-Хақ – әл-Адл, яғни, Жаббар Иеміз – әділеттілердің әділеттісі! Ол кімді жарылқаса да, жазаласа да кемел әділеттіліктің Иесі. Бұл туралы Алла Тағала Құран-Кәрімде:

اللَّهُ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

 «Алла құлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Күдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі» (Ғанкабут сүресі,62 аят) деп бұйырады. Яғни, Ол аз немесе молынан ризық-несібені таттырса да жарылқаушы һәм несібеңді кемітпей беруші. Әрі сол ризық-несібені иеленуге күш-қайрат пен қабілетті беретін де Ұлы Жаратушы! Тек жұмыр басты пенде өз ризық-несібесін тауып жеуде – Алла Тағала тарту еткен қабілет-қарыммен аянбай тер төгіп, еңбек етуі тиіс. Бұл тіршілік аксиомасы!

 Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрбір айтқан діни үкімді алдымен өзі мүлтіксіз іске асыратын. Қанағатшылдық һәм адал маңдай термен еңбек ету туралы да сахабаларына не айтса, бірінші өзі сол істе амалымен үлгі болатын. Оның сонау балалық шағынан бастап, Мәдинада Ислам мемлекетін құрып, көз жұмғанға дейінгі өнегелі өміріне назар салсақ,  сөзі мен ісінің сабақтасып жатқанына, тірі жаннан садақа алмағанына көз жеткізе аламыз. Жақсылықтың жаршысы болған Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұқым мұсылман баласын масыл болудан сақтандырып, керісінше өз еңбегімен өмір сүруге үндеген. Осы себептен де, саңлақ сахабалар тіршіліктің ауыр тауқыметін тартса да, кісі қолына қарап күн кешуден барынша алыс тұратын.

 

Бірде Алла Елшісіне ансарлардан бір сахаба қайыр сұрайды. Хақ Елшісі әлгі ансардан үйінде қандай мүлкі бар екенін сұрайды. Ол бір ғана төсенішінің және су ішетін ыдысаяғының бар екенін айтады. Тәңір Елшісі: «Осы мүлкіңді алып кел», – дейді. Ансар үйдегі сол бұйымын дереу алып келеді. Хақ пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол бұйымдарды ашық сатылымға шығарады. Бір алымсақ бір дирхамға, келесі алымсақ екі дирхамға бағалайды. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төсеніш пен ыдысаяқты екі дирхамға сатып, пұлын иесіне беріп: «Бір дирхамға бала-шағаң үшін қорек ал, бір дирхамына ара сатып алып, оны маған алып кел», – дейді. Жарлы сахаба Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырғанындай бір дирхамды отбасына жұмсап, бір дирхамға ара сатып алып келеді. Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араға сап жасап беріп, онымен отын жинап, соны сатуды және он бес күннен соң қайта келуді бұйырады. Жарлы сахаба арасымен отын жинап, оны сата бастайды. Уәделі уақытта Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, 10 дирхам кірісі бар екенін қуана жеткізеді. Хақ Елшісі тапқан табысына өзіне керек киім-кешек, азық-түлік алуға кеңес беріп: «Өстіп маңдай теріңмен табыс табуың ақырет  күні пешенеңдегі қайыршылық табынан әлдеқайда қайырлы. Тіленшілік тек шарасыз қалған жағдайда, қарызға белшесінен батқан немесе адамды құрдымға кетіретін кісі өлтірудің бодауын төлейтін жағдайларда ғана болады»  (Әнес б. Малик риуаят еткен) дейді.

Көріп отырғанымыздай Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үзеңгілес серіктерін және мұсылман қауымын әрдайым өз маңдай терімен нәпақа табуға үндеген. Мұсылманның қас сипатының бірі ретінде қанағатшыл болуды, мүсәпір күйге түсіп, алақан жайып, ешкімге кіріптар болмау керектігін насихаттаған. Тіпті, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің өнегелі өмірімен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйі қалай болу керектігін де үйреткен.

 

Сахабаларының бірі:

– Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!»,дейді.

Хақ Елшісі:

– Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді, – деп жауап береді.

Рафи Бин Хадиждің риуаяты бойынша сахабалардың бірі Алла Елшісінен: Уа, Алланың Елшісі! Қандай табыс адал (таза)?»деп сұрайды. Сонда Хақ Елшісі: Адамның маңдай тері төгілген заңды сауда – ең таза табыс», деп жауап береді.

Парасат падишасы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадис-шарифінде үмбетін адал сауда-саттық һәм еңбек етуге үндеп: «Ризықтың оннан тоғызы саудада. Ал, оннан бірі түйе мен сиыр тәрізді ірі қара немесе қой мен ешкі сияқты ұсақ малдарда», деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

Сахабаларының бірі:

– Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!»,дейді.

Хақ Елшісі:

– Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді, – деп жауап береді.

Рафи Бин Хадиждің риуаяты бойынша сахабалардың бірі Алла Елшісінен: Уа, Алланың Елшісі! Қандай табыс адал (таза)?»деп сұрайды. Сонда Хақ Елшісі: Адамның маңдай тері төгілген заңды сауда – ең таза табыс», деп жауап береді.

Парасат падишасы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадис-шарифінде үмбетін адал сауда-саттық һәм еңбек етуге үндеп: «Ризықтың оннан тоғызы саудада. Ал, оннан бірі түйе мен сиыр тәрізді ірі қара немесе қой мен ешкі сияқты ұсақ малдарда», деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

 

Мейрамбек ҚОЖАХМЕТОВ,

Темірәлі мешітінің бас имамы.

 

Толығырақ ...