Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат ауданының бас имамы жаназа рәсімдерін біріздендіруді ұсынды

islam-atyrau.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл.   Мақат кентінің әкімдігінде  Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықовтың жетекшілігімен ауданға қарасты имамдар, зиялы қауым өкілдері және өңір ақсақалдары дөңгелек үстел басында кездесті.

Кездесу кезінде Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітапты таныстырып,  қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі, ысыраптың алдын алу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу мәселелерін қозғады.

«Асылында, жаназа намазы – пенденің дүниедегі және өзгелердегі соңғы ақысы. Марқұмның жаназасын шығару - мұсылмандар үшін парыз. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабынан үйренеріміз көп» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Іс-шара кезінде Мақат аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сәбит Сүлейменұлы қоғамда орын  алып жатқан өзекті дүниелер туралы айтты. «Қазір еліміздің әр өңірінде жаназа мәселесін әркім өз бетінше түсініп, әрқалай орындап келеді. Бұл кітапта жаназа мәселесіне қатысты сауалдарға сұрақ таба аламыз. Алдағы уақытта кітапты басшылыққа алу арқылы, ақтық сапардағы жоралғылар мәселесін біріздендіруіміз тиіс» деді спикер.

Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері және өңір ақсақалдары ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында қатысушы меймандарға  «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын сыйға тартылды.

 

 

Толығырақ ...

«Пайғамбар ақидасы» және «Жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша дәріс жүреді

islam-atyrau.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау қалалық Құспан молла мешітінде зиялы қауым өкілдері және жамағаттың қатысуымен дөңгелек үстел шарасы болып өтті.

«Пайғамбар ақидасы» және «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітаптары талқылау өзегі болған шара барысында қоғамда қалыптасқан өзекті мәселелер талқыланды.

Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев жиналған қауымға дәріс басталғаны туралы хабарлады. «Яғни, намазды енді бастағандар, жалпы жамағат, қала тұрғындары үшін мешітімізде аптасына төрт рет арнайы дәріс сағаты қойылып отыр. Онда «Пайғамбар ақидасы» және «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітаптары бойынша сабақ өтетін болады. Мәселен, бір ғана жаназа, жерлеу мәселелерінде елімізде әлі де болса ысырапшылдық бар. Халқымыз исламның ысырапшылдықты қолдамайтынын түсінуі керек» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

«Пайғамбар ақидасы»: Мәулімберген мешітінде "дөңгелек үстел" өтті

      islam-atyrau.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл.    Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мəулімберген» мешітінде дөңгелек үстел шарасы өтті.

   Онда аталмыш мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов жиналған жамағатқа «Пайғамбар  ақидасы» кітабын таныстырды. Жамағаттың бірлікте болуы, қоғам тұрақтылығын сақтаудағы ақиданың маңызы туралы айтылған жиында кітаптың мазмұны жан-жақты талқыланды.             «Қазіргі алмағайып заманда «Пайғамбар (с.ғ.с) ақидасы» кітабы аса құнды еңбек. Мен жамағатты кітаби біліммен сусындауға шақырамын. Осы бағытта мешітімізде арнайы дәрістер жүргізіледі» дейді «Мəулімберген»  мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚМДБ: ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ (ФОТО)

     islam-atyrau.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Мүфтият баспасы» ашылғаны белгілі. Баспаны ашудағы мақсат – мүфтияттың төл баспа өнімдерін (кітап, газет, журнал, таратпа материалдар, т.б.) шығарып, халыққа тарату.

Баспа жұмысының мүмкіндігін арттыру мақсатында ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі, «Мүфтият баспасының» директоры Мұрат Манапұлы мен баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Алматы қаласында Ұлттық аударма бюросының Бас рекдакторы, белгілі журналист Мұхтар Сеңгірбаймен кездесті.

Кездесуде біріккен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, жеке тұлғаны дамытуға арналған кітаптарды шығару сынды мәселелер талқыланды. Аударма және кітап шығару ісінің әдіс-тәсілдері сөз болған басқосуда қоғамға пайдалы баспа өнімдерін ұсыну жайы қозғалды. Мұхтар Сеңгірбай Ұлттық аударма бюросы «Мүфтият баспасы» жұмысының жандануына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, 2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды.

Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, кинотану, театртану салалары бойынша әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытылатын үздік оқулықтар қазақ тіліне аударылуда.

 

Толығырақ ...