Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда Пайғамбар ақидасы тақырыбына "дөңгелек үстел" шарасы өтті

     islam-atyrau.kz/24 қыркүйек, 2019 жыл.   «Пайғамбар ақидасы». Осындай тақырыппен Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс атындағы мешітте дөңгелек үстел өтті.

    Қоғам белсенділері және жамағат қатысқан шараны аталмыш мешіттің бас имамы Ержан Қағазғалиев ашып, шараның маңызына тоқталып өтті. «Бұған дейін Атырау қаласының имамдарын жинап, мешіттерге нақты міндеттер жүктеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров «Пайғамбар ақидасы» кітабын дәстүрлі емес ағымдармен күресте басты механизм ретінде  басшылыққа алып, пайдалануды ұсынған еді. Яғни, аталмыш кітап негізінде енді мешіттерде дәрістер, семинарлар өткізіледі және уағыз-насихат жұмыстары да аталмыш еңбекке негізделеді" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Дінде өзіңнен жоғарыға, дүниеде өзіңнен төменгіге қара

«Кім бақытты болғысы келсе, дінде өзінен жоғарыға, дүниеде өзінен төменге қарасын» деген.

Мәселен, көлігі бар адам, көлігі жоққа, көлігі жоқ, аяғы жоққа қарау арқылы шүкірлігін арттырады. Дені сау адам, төсекке таңылған адамды көріп құлшылық жасауға асығады. Осындайда жастығы жоқ болған сахабалар мен ши төсекте ұйықтаған Пайғамбарды (с.ғ.с.) еске алу да иманды арттырады. Адам өзінде жоқты ойласа, бақытсыз болады, ал өзінде барды ойласа, ең бақытты адамға айналып шығады.

"Қанағат қарын тойғызар" деген дана халқымыз. Және кез келген мұсылман қызметте өскені секілді, құлшылықта да жоғарылай беруі ләзім.

Қияметте Алла Тағаланың: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер!» («Хаққа» сүресі, 24-аят) дегенін есту үшін амалды да арттыра беру керек емес пе?

Мәселен, сіз бес уақыт намаз оқисыз, ал біреу бес намазды мешітке барып оқиды. Сіз жылына 30 күн ораза ұстайсыз, ал өзге адам нәпіл оразаларды қалдырмайды екен. Біз 10 сүре білеміз, екіншілер 30-шы параны жаттап алыпты. Біз ашуға берілеміз, қатты сөйлейміз, ал басқа адам үнемі көркем мінез танытады екен. Яғни, құлшылықта жарысу – Жәннатқа қарай үлкен қадамдар жасауға түрткі болады.

М. АЛИМОВ, «Дина» ЖШС намазханасының молдасы.

Толығырақ ...

Исламдағы көркем мінез-құлық

  Барша мадақ-мақтаулар ұлы Раббымыз Алла Тағалаға болғай! Жаратқанның игілігі мен сәлемі ардақты Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.)- ке, оның отбасына, сахабаларына, сондай-ақ барша игі мұсылмандарға болғай!

Қай адамның болсын жаратылысы мен жан дүниесі өзгеше және көркем мінез – пенденің бойындағы бағалы әрі маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Көркем мінез – адамның туылғаннан әрі одан кейінгі алған ілімі мен тәртібі арқылы қол жеткізген халі.

Ислам дінінде бұл тақырыпқа үлкен мән берілген. Хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген. Яғни, көркем мінезді қалап, соған талпынатын адамға үлгі болар ең басты тұлға – ол Алланың Елшісі (с.ғ.с).

Тағы бір хадисте: «Адамның өзіне керексіз нәрселерден бойын аулақ ұстауы – мұсылмандығының көркемдігін көрсетеді» делінген.

Әр адам қоғаммен тығыз байланыста болғаны үшін де мінез-құлық үлкен рөл атқарады. Күнделікті өмірде көркем мінез сөзінің өзі көп нәрсені қамтиды, оның ішінде: біздің байсалдылық пен ұстамдылығымыз, түрлі жағдайларда әдеппен әрекет қылуымыз, айналамыздағы үлкен-кіші, таныс, бейтаныс адамдармен кішіпейіл де сыпайы болуымыз кіреді.

Абдуллаһ бин Омардан (р.а) жеткен бір хадисте: «Кішілерімізге мейірімділік көрсетпеген, үлкендеріміздің ақысын білмеген адам бізден емес» делінген. Қияметте Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) ең жақын болатын адам – мінезі көркем болған жан.

Тирмизиден жеткен бір хадисте осы жайлы былай делінген: «Сендерге тозаққа кірмейтін адамдардан хабар берейін бе? Олар: жанға жақын, момын, көркем мінезді және оңай тіл табысатын жандар».

  Бұдан белгілі болғандай, егер жәннатқа апарар бір себеп осы болса – адам мінез-құлқына барынша мән бергені жөн; кемшіліктерді жойып, орнын жаңа, жақсы қасиеттермен толтырғаны абзал. Көркем мінез мұсылмандықтың белгісі боп саналады, адамның дәрежесін, абыройын көтеріп, оны сыйлы қыла түседі, әрі жанына шыншыл да адал достарды жинайды. Жақсылық жасағанға жақсылық қылып, жамандық жасағанға жамандықпен жауап беру керек деген нәрсе миымызда жатталып, солай әрекет қылу әсте дұрыс емес.

Мұның орнына, «таспен атқанды аспен ат» деп ата-бабамыз айтқандай, және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өсиет еткеніндей, жамандық жасағанға да көркем түрде жауап қату адамның адамдығын көрсетеді. Қазіргі өмірдің тек уақытша екендігі және о дүниеде жақсы-жаман амалдарымыз таразыға тартылып, қайсысы көбірек екендігі анықталатыны бізге мәлім ғой. Осы себепті де мүмкіндік туа қалған жағдайда таза ниетпенен жақсылық жасауға асықсақ – өзгеге де, өзімізге де зор пайдасы тимек.

Көркем-мінез – ол шыншыл болу, яғни турашыл болу. Өтірік сөз сөйлемеу, жомарт болу, жақсылық жасау, қонаққа сый-құрмет көрсету, дос ақысына мұқият болып, жақсы қарым-қатынас жасау, аманатқа қиянат қылмау, көршілермен жақсы болу, бүкіл істе, қарым-қатынаста әділетті болу, ұятты болу, мейірімді болу деген сөз.

 Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен хадисте Алла Тағала мейірімді, және мейірімді болғанды жақсы көретіндігі жайлы айтылады. Әрі ұятты болу да – ол иманнан. Бұл қасиеттерді бойымызға жинап, сіңіріп алсақ – өзге жандар үлгі алардай қадірлі адам боларымыз анық.

 Көркем мінезді адам сол – бүршік атқан ағаш секілді, гүлі жайқалып әсем боп тұрған өсімдіктей, әдемі боп, адамды өзіне тартып, адам жанын ғажап бір күйге түсіреді. Алланың Расулы Мұхаммед (с.ғ.с) бізге үлгі боп, өсиет еткеніндей жаман мінезден сақтанып, мінезімізді көркемдеп, кемелдену – біздің қолымызда. Өйткені қасиетті Ислам діні бізге көркем мінезді әмір етті.

 

         Алмат КАРТАБАЕВ,

      Мақат ауданы орталық мешітінің ұстазы.

 

 

Толығырақ ...

Мұсылман дегеніміз кім?

Аллаға шүкір, бұл күндері әлемде екі миллиардқа жуық адам өздерін мұсылманбыз деп санайды. Сонда мұсылман дегеніміз кім? Дінін ұстанатын, яғни, жаны да, тілі де, тәні де таза адамды мұсылман деп атайды.

Шын мұсылман - ең алдымен, рухани таза адам, ол ешкімге жаманшылық ойламайды, біреудің ала жібін аттамайды, мұсылманшылық парызын бұлжытпай орындайды. Рухани таза адамдар ғана өздерін барлық жамандықтан аулақ ұстайды. Олар, тіпті, жалғыз жүріп те (ешкім көрмесе де) күнәлі, яғни, қылмысты іске бармайды.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда құдіреті күшті Алла Тағала біздің әрқайсымызға рухани еркіндік нәсіп еткенін мақтанышпен атаймыз. «Арлы кісі ұятты келеді, керек десеңіз, ол иттен де ұялады» - деген аталы сөз бар. Расында да адамзат баласының тәрбие-тәлімі, сенімі, ұяты, ар-ожданы, ізет-инабаты осы рухани бостандықтан туындайды. Ислам діні де рухани байлықтың мызғымас ошағы, сөнбес шамшырағы. Ол адам тәрбиесіне пайда келтіріп, мәдениеттің дамуына жанашыр болып, шындықты уағыздайды.

Біз намаз оқитын адамды намазхан мұсылман деп атаймыз. Сондықтан тілімізде «Намазхан мұсылман» деген сөз жиі айтылады. Намазхан болғысы келген кісі мұсылмандық бес парызды орындайды. Ол бес парызымыз шаһадат (куәлік) айту, намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, қажыға бару. Шаһадат айту дегеніміз Ислам дінін қабылдағанын куә ететін мына қасиетті сөздерге иман келтіру: «Әшһаду әл лә илаһа илла-л-ла уә әшһәду әннә Мухаммадан Әбдуху уә расул уллах» (Алладан басқа ешбір Тәңір жоқтығына, Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың құлы, әрі елшісі екендігіне куәлік етемін). Осы шаһадатты Құрани тілде айтқан, мағынасын білген әрі оны жүрекпен бекіткен адам Ислам дінін қабылдап, ақиқат жолына түскен болып саналады.

 

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ,

«Мәулімберген» мешітінің бас имамы.

Толығырақ ...

Кісі ақысының ислам дініндегі орны

Исламда адам құқықтарына баса мəн берілген жəне адам құқықтарының сақталуына барынша жағдай жасалған.

Алла Тағала Құран Кəрімде былай дейді: «Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге тырыспаңдар» («Бақара» сүресі, 188-аят).

Келесі бір аятта: «Уа, мүминдер, күмəнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмəнның кейбірі күнə. Бір-біріңнің жасырғаныңды жария етпеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Өлген туыстарыңның етін жегенді қалайсыңдар ма? Əрине, оны жек көресіңдер. Расында Алла тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді», – делінген («Хужурат» сүресі, 12-аят).

Қалай болғанда да адамдардың құқығын аяқ асты етіп, оларды жəбірлегендер қиянатшылдар санатына жатқызылған. Құран Кəрімнің көптеген аяттарында мұндай кесапаттардан сақтандырып, оларды жан түршігерлік азап күтетінін жеткізген: «Шынында адамдарға əділетсіздік қылып жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандарға жауапқа тартылуы лайық. Міне, солар үшін жан түршігерлік азап бар» («Шура» сүресі, 42-аят), «Қиянатшылдардың орны қандай нашар!» («ƏлиИмран» сүресі; 151-аят), «Сондай-ақзалымдарүшінжəрдемшіжоқ» («Мəида» сүресі, 72-аят), «Естеріңдеболсын! Алланыңқарғысызалымдарғатөнеді» («Худ» сүресі, 18-аят).

ПайғамбарымызМұхаммед(саллАллаһуалəйһиуə сəллəм) тебұлтуралы: «Бір-біріңдікүндемеңдер, алушылардыдауластырмаңдар, бір-біріңдіжеккөріпалакөзденіпсыртайналмаңдар. Біреудіңсаудасыныңүстінесаудажасапбұзбаңдар. Дінжолындатату-тəттібауырболыңдар. Мұсылманмұсылманғабауыр. Кісібауырынақиянатжасамайды, жеккөрмейді, қажетболғанжағдайдақолұшынбередіжəнеоныкемсітіпқорламайды», – дейотырып, үшқайтаражүрегіннұсқап: «Тақуалықміне, мұнда. Кісігемұсылманбауырынкемсіткенікүнə ретіндежеткілікті. Мұсылманүшін əрбірмұсылманныңқаны, малыжəнеарыхарамжəнеқасиеттіаманатіспетті»[1], дегенеді..

«Мұсылманның мұсылман бауырына жасар бес түрлі ізет-міндеті бар. Олар: амандасқанда сəлемін алу, түшкіргенде Алла Тағаланың рақымын тілеу, шақырғанда бару, науқастанғанда көңіл-күйін сұрау жəне жаназасына қатысу»[2].

Əбу Хұрайрадан жеткен риуаятта Алла Елшісі (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм): «Мүфлистің кім екенін білесіңдер ме?» – деп сұраған екен. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол бар дүние-мүлкінен айрылған пенде ғой», – деген кезде, Пайғамбарымыз (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм): «Үмбетімнің арасындағы ең пақырының кім екенін айтайын, ол қиямет күні намазы, оразасы жəне зекетімен қоса ананы тілдегені, мынаған жала жапқаны, біреудің малын жегені, біреудің қанын мойнына жүктегені, біреуді ұрып-соққаны тағы бар, көп-көп күнə арқалап келген адам. Сонда ол істегенін мойнымен көтереді, сауаптары зардап шеккендерге таратылады. Ал сауабы жетпесе, əлгілердің күнəларын арқалап тозаққа лақтырылатын болады»[3], – деген.

Тағы бірде: «Қиямет күні кісі ақысы өз иелеріне қайтарылады. Керек десең, сүзеген қойдан мүйізі жоқ тоқал қойдың есесі алынады»[4], – деп ескертті.   Үмбетіне əрдайым тура жолды сілтеген Пайғамбарымыз (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм): «Əсілі, мен үшін құрметті кісі мендегі ақысын талап еткен, не болмаса кешірген адам болмақ», – дей отырып, бізге сүйіспеншіліктің сарабдал сырын ашады.

Олай болса, ешкім де жақсы көрген адамнан ақы даулағаным жарамас деп ойламауға тиіс. Ана дүниеде кісі ақысына еш бей-жай қалмайтын Құдірет иесінің барын ұмытпай, нақ жаны ашыса жақсы көрген адамынан ақысын тіршілікте сұрағаны абзал. Əйтпесе, ақырет күні сол жақсы көрген адамын өзіне кіріптар қылары анық. Ақысын сұрағанның еш айыбы жоқ, ақысын даулағандарды айыптаудың да жөні жоқ. Азын- аулақ өткенін сұрағанды «Қарашы, болмашы тиын-тебенді ұмытпайды екен» деп кемсітпеу керек. Өйткені, кісі ақысы қашан да ақы болып қала береді, оның азы-көбі, үлкені-кішісі болмайды.

Пайғамбарымыздың (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм) бірде жейдесінен күлімсі иіс шыққан Сəуад есімді біреуді таяғымен түртіп, үстіндегіні шешуді сұрағаны бар еді. Ол бұған шамданып есе қайтармақ болады. Пайғамбарымыз (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм) да сөзге келмей оған жонын тосқан. Мінекей, болмашы жайттың өзінде үлгі-өнеге көрсетуден жалықпаған Пайғамбарымыздың (саллАлла алəйһи уə сəллəм) іс-əрекеті біз үшін қараңғы түнде адастырмай жол бастар темірқазық секілді.

 Алла Елшісі (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм) кісі ақысына асқан ыждағаттылықпен қараған. Көпшіліктің мазасын алатын болмашы нəрсеге мəн беріп, үмбетін əбігерлікке салатын жайттардың алдын алған. Ол тіпті көпшілік ортасына сарымсақ, пияз жеп шықпауды да талап етіп, жамағатқа қолайсыздық тудыруға тыйым салған. Бір хадисте: «Алла ақысы ретінде махшар алаңында əуелі намаз сұралатын болады. Кісі ақысы ретінде əуелгі сұрақ қан төккен адамға қойылады», – делінген. Бұл хадистен кісі ақысын бұзушылықтың ең үлкені адам өлтіру, мұның Алланың назарында аса ауыр қылмыс екенінаңғарамыз.

Əбу Қатаданың (р.а.) риуаятында Алла Елшісі (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм) сахабаларға ең игі жақсылықтың Алла жолында күресу мен иман ету екенін айтады. Сонда біреу тұрып: «Уа, РасулАлла, Алла жолында соғысып жүріп өлсем, күнəларым кешіріле ме?» – деп сұрайды. РасулАлла (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм): «Майдан даласынан қашпай, сауабын бір Алладан күтіп, қолың дұшпанның жағасында жүріп өлсең, Алла кісі ақысы мен қарыздарыңнан басқа бүкіл күнəларыңды кешіреді. Мұны маған Жəбірейіл айтты»[6], – деп жауап қатады.

Пайғамбарымыз (саллАллаһу алəйһи уə сəллəм) қажылық жасаушылар үшін «Кімде-кім Алла үшін қажылық жасап, бейəдеп сөз бен оспадар қылықтан, Аллаға асылық етуден сақтанса, құдды анасынан туғандай пəк болып қажылықтан оралады» деген[7]. Ғалымдарымыз бұл хадиске «кісіақысынанбасқа» дегенсілтеменіқосудыұмытпаған. Қажылықтың бір əдебі ретінде «сапарға шықпас бұрын кісі ақысынан арылып, кешірім алу» саналған.

Қажылыққа аттанардан бұрын адамдардың ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бақұлдасып жататыны содан болса керек. Ислам ғалымдары жасалған күнəнің Аллаға асылық болып, кісі ақысына қатысы жоқ болса, мұндай күнəдан тəубеге келудің үш шарты барын айтқан. Олар:

1) Күнəнің зардабын жою;

2) Күнəні жасағанына пұшайман болу;

3) Күнəға қайта беттемеуге бекіну.

Ал жасалған күнə кісі ақысына қатысы болса, оны жоюдың шарты төртеу болмақ. Бұлардың үшеуі жоғарыда келтірілгендер болса, төртіншісі – кісі ақысынан арылу. Бұл күнə дүние-мүлікке қатысты өрбісе, тəубе еткен кісі келтірілген материалдық зиянның орнын толтырады. Адамға зина жасады деп жала жапқан болса, кесімді жазасын өтейді. Əлдекімді ғайбаттаған болса, ол кісіден кешірім сұрайды.

 

Қ.ХАЙРУЛЛИН,  

«Мәулімберген» мешітінің наиб имамы.

Толығырақ ...

Көршінің хақысы туралы не білеміз?

Əрбір мұсылманның көршілерімен жақсы араласып, көршілік міндетін өз дəрежесінде орындауы да Ислам дінінің талабы.

Құранда Алла Тағала өзіне серік қосуға тыйым сала келіп көршіге жақсылық жасауды да бұйырады:«Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нəрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлы-жақыбайға, туысқан көршілеріңе, туыстығы жоқ көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген адамға, қолдарыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар. Шынымен Алла тəкаппар һəм мақтаншақтарды жақсы көрмейді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да көрші ақысы жайлы: «Маған Жəбірейіл періште көрші жайында көп өсиет айтқаны сонша, көршіні көршіге мирасқор ететін шығар деп ойладым», «Үш түрлі көрші бар: үш ақысы бар көрші, екі ақысы бар көрші жəне бір ақысы бар көрші. Туысқан əрі мұсылман көршінің үш ақысы бар: туысқандық, мұсылмандық жəне көршілік. Мұсылман көршіңнің екі ақысы бар: мұсылмандық жəне көршілік ақысы. Мұсылман емес көршіңнің бір ақысы бар: көршілік ақысы», «Есігі ең жақын көрші жақсылық жасауға да ең бірінші лайық болады».

Осы сынды хадистерден ғұламалар көрші ақысын былай белгілейді:

 

1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады.

2. Көршілердің ар-намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек;

 

3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы мұсылмандыққа жараспайды;

 

4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек;

 

5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;

 

6. Анда-санда сыйлық беріп отырған дұрыс;

 

7. Тамақ пісіргенде немесе дүкеннен сатып алғанда жақын көршісіне де ұсыну мұсылманға тəн үрдіс;

 

8. Керек кезде көршіге қол ұшын беру;

 

9. Сұрап келсе қарыз беру;

 

10. Мейрамдар мен қуанышты күндері көршісін құттықтау;

 

11. Көршінің малына тас лақтырмау, үркітпеу;

 

12. Балаларының көрші балаларды ұруына, жаман сөздер айтуына жол бермеу;

 

13. Көршінің рұқсатынсыз үйін оның үйінен биік етіп салмау;

 

14. Кемшіліктерін тіміскілемеу, сырын қазбаламау;

 

15. Сəлем беріп, сəлемін алу;

 

16. Кемшіліктерін, сырларын жария етпеу;

 

17. Бар болса сұрағанын беру;

 

18. Берген сыйлығын қабыл алу;

 

19. Қайғылы жағдайларда көңіл айтып, қайғысына ортақтасу;

 

20. Қонаққа шақырса бару;

 

21. Көршіге кешірімді болу;

 

22. Ауырып қалса, көңілін сұрау;

 

23. Қайтыс болса жаназасына қатысу;

 

24. Көршінің жетім балаларына көмектесіп, қорғаныш болуға тырысу;

 

25. Көршіге жылы жүз танытып, жақсы сөздер айту;

 

26. Көрші айқайлап ұрысса да, дауыс көтермеу, сабырлылық таныту, онымен ренжіспеу;

 

27. Көршінің мазасын алмау, мазасын алатындай жағдай болса, алдын ала ескертіп, кешірім сұрау.

 

Н. ЕРМАҒАМБЕТОВ, 

Мәулімберген мешітінің наиб имамы. 

 

Толығырақ ...