Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешітінде жерлеу, жаназа мәселесі талқыланды

  islam-atyrau.kz/22 қыркүйек, 2019 жыл.    Атырау қаласындағы "Сұлтан Бейбарыс" мешітінде "дөңгелек үстел" шарасы өтті. 

Аталмыш шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі ұсынған "Жаназа және жерлеу рәсімдері"  кітабында көтерілген мәселелер қозғалды.

Жиында сөз бастаған "Сұлтан Бейбарыс" мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевтың айтуынша, халық арасында жерлеу, жаназа және садақа жасау рәсімдерінде олқылықтар бар. Әсіресе, садақадағы ысырап мәселесі өз алдына үлкен тақырып. "Ислам діні әу бастан ысыраптан тиған. Мейлі ол садақа, той болған күннің өзінде, аста-төк ысырапшылдықтан тыйылғанымыз дұрыс. Біз той-садақадан қалған асты қоқыс жәшігіне төгіп жатқанымызда, әлемнің Африка сынды басқа түкпірінде ашығып жатқан адамдар барын еске алуымыз керек" деп атап өтті спикер Ержан Қағазғалиев.  

"Дөңгелек үстел" шарасына Атырау мұнай және газ университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қабибек Мұхитов пен "Алаш ұстазы" төсбелгісінің иегері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Бауыржан Ақтаевтың қатысқанын атап өткеніміз жөн.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...