Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешітінің жастары Қарттар үйіне барып, сыйлық жасады (+ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/20 қыркүйек, 2019 жыл.    Сұлтан Бейбарыс мешітінің жастары Атыраудағы Қарттар үйіне барды.

Қазіргі уақытта аталмыш орталықты тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жүз қартымыз паналап жатыр. Жастар жағы қариялармен әңгімелесіп, өзара сұхбат құрды. Және үлкендерге сыйлық  есебінде жүз пакет таратты. Онда тәтті тағамдармен бірге, тұрмысқа қажетті түрлі заттар да бар.

«Бұл жоба мешітіміздің «Аяттан – амалға» бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр. «Қарты бардың қазынасы бар» деген даналық жастарымыздың санасына сіңуі тиіс» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...