Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Батыржан Мансұров қала имамдары үшін кезекті жиын өткізді

  islam-atyrau.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл.   Бүгін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров мұнайлы өлке орталығына қарасты мешіт имамдары үшін жиын өткізді.

Мешіттердің ішкі жұмыстары, уағыз-насихат, сауат ашу жұмыстарын жандандыру мәселелері пысықталған жиында жат ағымдармен күрес мәселесі де талқыланды.

"Дәстүрлі емес ағымдармен күресте басты механизм ретінде "Пайғамбар ақидасы" атты кітап басшылыққа алынатын болады. Яғни, аталмыш кітап негізінде енді мешіттерде дәрістер, семинарлар өткізіледі" деп атап өтті Бас имам Батыржан Мансұров. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атыраудың орталық мешітіне электронды садақа терминалы орнатылды

  islam-atyrau.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл.  "Иманғали" орталық мешітіне электронды садақа терминалы орнатылды. Бүгін аталмыш жобаның салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Оған Астанадан келген мәртебелі мейман - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан  Нүкежанов сондай ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

"Мешітке дұға оқыту үшін келген жамағат садақасын міндетті түрде жәшікке салмай, терминал арқылы да садақа бере алады. Ол қаражат тікелей орталық "Иманғали" мешітінің есеп шотына түседі. Осылайша, заманауи үлгідегі терминал мешітпен бірге, жамағат игілігі үшін қызмет етеді" дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.



 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов атыраулық имамдармен кездесті

  islam-atyrau.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл.    Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан  Нүкежанов орталық "Иманғали" мешітінде жергілікті имамдармен кездесті.

Мешіттің ішкі жұмыстарымен танысқан комитет төрағасы Ержан Нүкежанов осылайша, Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарымен ашық форматта сұхбат  құрды.

Аймақтағы діни ахуал, имамдардың қызметтік барысы талқыланған  сұхбатта келелі мәселелер талқыланды.  

"Мұндай сұхбаттар әсіресе, тәжірибе алмасу алаңы бола алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің Дін істері комитетімен, жергілікті басқармалармен ұдайы  тығыз байланыста. Біздің ортақ міндетіміз - дінімізге қызмет ету" дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

 


 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...