Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исламдағы бала тәрбиесі

Бала – ең алдымен Алланың аманаты.

Өмірге жақсы ұрпақ әкелу әуелде көргенді жерден, ары бар, ақылы бар, ұяты бар иманды жар таңдаудан басталатындығының өзі Ислам тәрбиесінің қаншалықты кеңдігін, ауқымдылығын ұқтырады. Өзара отау тігуге ниеттенген екі жасқа ақ некемен ғана бас қосу міндеттеледі. Бұл үлкен тектіліктен, тазалықтан туған.

Өйткені, некемен басталған бас қосу берекелі тіршілікке, өмірге дені сау, таза ұрпақ әкелуге жол ашқан. Бұдан әрі жанұяны адал табыспен асырау да Исламдағы үлкен жауапкершілікті аңдатады. Жанұяны адал табыспен асырау, біріншіден, ақыреттік сұрақтан қорқуды еске алса, екіншіден ұрпағының бойына арам қан жұқтырмауды, тазалықтың ұрпағына да жалғасқанын қалаудан шыққан.

Ислам бала тәрбиесінің негіздерін анықтауда хазірет Мұхаммед Пайғамбарымыздың өмірінде кездескен нақты оқиғаларға сүйенген. Өйткені, Құрандағы Алла Тағаланың көрсеткен үлгілі тәрбиесі сүннетпен ажарланып толыға түскен. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз ﷺ Ислам тәрбиесін қалыптастыруда балаларды көзден таса қылмаған. Қайта дүниеге келмей жатып, балаға алаңдаушылық білдірген.

 Бала дүниеге келісімен діни салт - жоралғылар жасалып, мұсылман үмбетінің тағы бір адамға толысқанын қуаныш көрген. Әрі сол мұсылман үмбеті деген атқа сай тәрбие алуын қадағалаған. Осы орайда, балаға жақсы мазмұнды ат қоюдың өзі қандай тәрбие екені айтпаса да түсінікті. «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» демекші, балаға «Алланың аманаты» деп қаралуының өзі исламда балаға қаншалықты көңіл бөлінгендігін білдіреді.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Дана халқымыздың осынау тамаша сөзі тағылымға толып тұр. Себебі, баланың тәрбиесі алдымен, өзге емес, өзіңізге тікелей байланысты. Ендеше, тәрбиені өзімізден бастағанымыз жөн. Бұл дегеніңіз көркем мінез, берекелі табыс, ата-анаға, жарға, балаға, тұтастай отбасына ізгі қарым-қатынас, кісінің ақысын жемеу, адал болу, ізгі істерде жас ұрпаққа өнеге көрсетуді білдірсе керек.

Эммат ҒҰМАРОВ,

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы.

Толығырақ ...

"Мектепке жол": Құспан молла мешіті 70 отбасының баласына көмек көрсетті

islam-atyrau.kz/28 тамыз, 2019 жыл. «Мектепке жол» республикалық акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер қатысуда.

Бұған дейін мұнайлы өлкенің бас мешітінде басталған ізгілік жобасын Атырау қалалық Құспан молла мешіті жалғастырды. Көп балалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына оқу құралдарымен бірге, мектеп формасы тапсырылды.

Барлығы жетпіс отбасының баласы қамтылған іс шара барысында бүлдіршіндерге сыйлықты Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров табыс етті.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша тәмсіл бар. Бала – еліміздің болашағы. Олар сәби кезінен ізгілікті, жанашырлық, қамқорлықты сезініп өсуі тиіс» дейді ұстаз  Эммат Ғұмаров.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...