Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ерлі-зайыптылар білуі тиіс зікірлер мен дұғалар

Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Шаңырақтың баянды болуын, ортадағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың сарқылмауын місе тұтады. Мұның кілті – Жаратушымен болған жақсы қарым-қатынаста. Себебі, барлық істің Басқарушысы – Алла, жүректердің Иесі – Алла. Ер мен әйел Аллаға жақындаған сайын бір-біріне жақындайды.

Толығырақ ...

Жаман ой жан аздырады

Әсілі, жаман сөз айту тыйым салынған секілді, жаман нәрсені ойлау да солай арам етілген. Мұсылман бауырың туралы кемшіліктерін басқаға айтып жария ету түгілі, ол туралы жаман ойлауыңның өзі жақсы емес.

Толығырақ ...

Қажылық миссиясы жұмысын Мәдина қаласында жалғастыруда

     islam-atyrau.kz/19 тамыз, 2019 жыл.  Бүгін Мәдина қаласына жеткен Қазақстан қажылық миссия өкілдері күн тәртібі бойынша іске кірісіп кетті.

Ең алдымен қажылар орналасқан қонақүйлердің сапасы тексерілді.Бұған дейін мұндай жұмыстар Мекке қаласында да атқарылған болатын. Көп ұзамай миссия ұжымы Мәдинадан ұшатын қажыларды шығарып салу үшін арнайы әуежайға келді. Миссия мүшелері отандастарымызбен дидарласып, биылғы қажылық маусымы туралы ой бөлісе келе сәт сапар тіледі. Осылайша бүгін мыңға жуық қажы елге аттанды. Бір сәтте Мәдина-Алматы және Мәдина-Шымкент бағытындағы екі рейс ұшып кетті. Ал таңертең Мәдина қаласынан Нұр-Сұлтанға кезекті әуе рейсі бағыт алды. Қазіргі уақытта әуе рейстерінің толық ұшып-қонуын миссия жұмыс тобы бақылауда. Арнайы қойылған кезекшілік бойынша ел азаматтарын шығарып салу жұмысы қажылық соңына дейін жалғасады.

 
Толығырақ ...