Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда қажылық сапары туралы дəріс өтті

islam-atyrau.kz/22 шілде, 2019 жыл. Атыраудағы орталық "Иманғали" мешітінде қажылық сапары туралы дəріс өтті.  Аталмыш дəрісті  мешіт ұстазы Ерболат Боханов  екінті намазынан кейін аптасына екі рет өткізді. Дəріс аясында қажылыққа барудың хикметі, қасиетті сапар барысында атқарылуы тиіс амалдар туралы мəлімет берілді. 

"Қажылық - мұсылманға парыз етілген амалдардың бірі. Бұл сапарға мұсылман баласы Алланың қалауымен ғана аттана алады. Қажылық кезінде жүректің кірі тазаланып, жан тазарады. Сондықтан, барлық ғибадат шынайы жүрекпен жасалуы тиіс" дейді ұстаз Ерболат Боханов.

Еске сала кетелік, биылғы жылы еліміз бойынша 3 200 қазақстандық ұлық сапарға ниет қойып отыр. 

 Отандастарымыздың алды 30-шілде күні аттанып, елге 23-тамыз күні оралады деп күтілуде. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...