Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Тарауық намазының батасы берілді

islam-atyrau.kz/4 маусым, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының бүгін соңғы күні. Кеше Атыраудың бас мешітінде Тарауық намазы аяқталды.

 

Мыңдаған жамағаттың басын қосқан орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров отыз күн бойы оқылған Тарауық намазының батасын берді.

 

 «Иә, Аллам! Көктен жауын бер! Жерден өнім бер! Еліміздің ырысын молайта гөр Раббым! Бізді ашаршылықтан, жамандықтардан, табиғат апаттарынан Өзің сақтай гөр! Бізді және біздің ұрпағымызды Аллам! Екі дүниеде бақытты ете гөр! Елімізді аман, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете гөр Аллам! Ақсақалдарымызға қуат бер! Ақжаулықты аналарымызға денсаулық бер! Жастарымызға бақытты өмір нәсіп ет! Иманды, ибалы ұрпақтар нәсіп ет!

 

Иә, Жаратушы Алла Тағала! Өзіңнің разылығың үшін оқыған Құран Хатымды, Тарауық намаздарымызды, Құптан намаздарымызды, Үтір намаздарымызды, рукуғ, сәжделерімізді, қырағат, қиямдарымызды, дұға, тілектеріміздің барлығын Хатым Құранның құрметіне, Хатым Құранның шарапатына қабыл ете гөр!» деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровеліміздің бірлігі, тірлігі, ислам дінінің өркендеуі жолында дұға жасады.

Сондай ақ, отыз күн ораза бойына Құранның бір парасынан оқып, Тарауық намазында қызмет көрсеткен ұстаз Хусейн Каяға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Және де оған үш тілде жазылған "Қазақстан тарихы"  атты құнды кітап сыйға тартылды.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау қалалық Құспан молла мешіті мұқтаж отбасыларға зекет таратты

islam-atyrau.kz/4 маусым, 2019 жыл.  Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Атырау қалалық Құспан молла мешіті төрт отбасына зекет таратты.

Әлеуметтік тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және бес баланы асырап отырған жалғызбасты ана санатындағы азаматтар қамтылған шара кезіндеАтырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов зекетті үйді-үйге үлестірді.

«Зекет – Алла Тағаланың мұсылмандарға міндеттеген парызы, ислам дінінің басты діңгектерінің бірі. Алла Тағала Өзінің кітабында «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп бұйырған (Бақара, 43). Зекеттің парыз екендігін мойындамаған адам Ислам міллетінен шыққан болып есептеледі» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

«Иман жастарының» еріктілері атыраулық бүлдіршіндерге тосын сый жасады (+ ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/4 маусым, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен құрылған «Иман жастарының» еріктілері атыраулық бүлдіршіндерге тосын сый жасады.  

Атыраудағы ең басты даңғыл – Сәтпаев даңғылы бойындағы алаңда ойнап жүрген балалар алаңына барған ұстаз Ерболат Боханов бастаған еріктілер бүлдіршіндерге сый ретінде балмұздақ пен тәттілер  таратты.

«Қасиетті Рамазанның соңғы күндері жасалған тосын сыйды күтпеген балалар шынайы көңілмен риза болып жатты.  «Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жас сәбилерге ерекше мейіріммен қарап, «Баласы бар - баламен бала болсын» деп өсиет қалдырған. Кейде өзі де немелеріне ат болып, кейде иығына мінгізіп жүріп ойнатқан» (Дәйләми, Мүснәдүл фирдауси, ІІ, 1366) дейді ұстаз Ерболат Боханов.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...