Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда имамдар үшін екі күндік семинар-тренинг өтті

 islam-atyrau.kz/23 маусым, 2019 жыл.   Атырауда имамдар біліктілігін арттырды. Екі күнге созылған семинар тренингті Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы және орталық "Иманғали" мешіті бірлесе ұйымдастырды. 

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров ресми түрде шымылдығын ашқан шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары - наиб мүфти Алау Әділбаев арнайы келіп, дін қызметкерлері үшін дәріс оқыды. Дәріс барысында ұстаз Алау Әділбаев имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған негізгі техникалармен бөлісті.

Сондай ақ, семинарға Ақтөбе өңірінен Аңсар Төлеген, Көкшетау аймағынан республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қанат Алшынбаев келді. Арнайы келген қонақтар имамдар үшін дәріс оқып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. 

Екі күнге созылған дәріс аясында облыс бойынша қатысқан барлық имамдарға салтанатты жағдайда сертификат табыс етілді. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...