Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам білім ошағының проректорымен кездесті

  islam-atyrau.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл.  Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында діни білім беру, діни ағарту, қоғамды дін атын жамылған жат идеялардан сақтандыру мәселелері талқыланды.

Сондай ақ, тараптар діни білім беру саласындағы мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

 

 

 

 

  Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінде білім алып жатқан атыраулық шәкірттермен кездесті

    islam-atyrau.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы Алматы қаласына сапары аясында Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінде білім алып жатқан атыраулық шәкірттермен кездесті.

Кездесу аясында өзін студенттерге таныстырған ұстаз шәкірттердің сауалдарына жауап берді. Және болашақ жас мамандарды алдағы уақытта жергілікті жерге жұмысқа тарту мәселесі де көтерілді.

«Кездесуде елдегі, Атыраудағы діни ахуал мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта қоғамды діни ағарту мәселесі өткір тұр. Біздің мақсатымыз – аймақтарды, ауылдық жерлерді білікті мамандармен толықтырып, жас буынға оң бағыт көрсету» деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған имамдар Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың алдында есеп берген еді.

  Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Адамға көңіл айтудың маңызы

Халқымыз «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, жұбатып келген. Бұл үрдіс ұрпақ санасына берік орнап, күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

 Халқымыз көңіл айтуға да ерекше маңыз беріп, оны шешендік сөздермен көмкеріп, адамның жүрегіне жұбату етіп, шебер жеткізе білген. Қазақ халқы бірлікшіл, туысшыл болғандықтан ағайын арасындағы қайғылы жайларда ешқашан бейтарап қалмаған.

 Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай мен араз болған Бөжейдің қазасын естігенде көпті көрген Зере әженің жоқтау айтуымен Құнанбайдың бетін  сипап, иман тілеп, дұға жасауы және Бөжей үйіне ауыл-аймағымен барып көңіл айтуы осы салттың бір айғағы болса керек.

Қазақ халық ауыз әдебиетінде көңіл айтудың не бір үздік үлгілері бар. Жыраулар ардақты адамдардың қазасын жырмен естіретін болған. Бұхар жыраудың Абылай ханға Бөгенбай өлімін естіртуі осыған дәлел.

Асыл дініміз исламда да көңіл айту әбестік емес деп көрсетілген. Бақилық болған адамдардың жақындарына «иманы саламат болсын», «артта қалғандарға өмір берсін», «топырағы торқа болсын», «алдынан жарылқасын, «арты қайырлы болсын» деген сияқты сөздер айту шариғатқа қайшы емес. Бұл қаралы жандарды сабырға шақыру, Алланың жазғанына көну, болып табылады.

 Жұбатуға байланысты мысалдарды Ардақты Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өмірінен де көптеп кездестіруге болады.

Бірде қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде Алла Елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі  болсын)«Қызыма айтып бар! Алғаны да, бергені де – Оныкі (Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан айт, сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін» – деп басу айтса керек. 

Хадистерде қиыншылықтарға тап болған адамды жұбату керек. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Баласы қайтыс болған адамды жұбатқан кісіге жәннат шапаны беріледі. Қиыншылыққа ұшыраған адамды жұбатқан кісі оның сауабындай сауап алады» (Тирмизи) делінген.

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріпәлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу» (Мүслим).

Қазақ халқының тағылымға толы салт-санасын зерделесек, барлығы да дініміз Исламмен үндескен, тәрбиелік, тағылымдық маңызға толы болып келеді.

Бұл халқымыздың парасат биіктігінің деңгейі болса керек.

Мұнархан АЛИМОВ,
«Дина ЖШС» намазхана молдасы

Толығырақ ...