Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Жеті рухани қазық" жастар арасында насихатталды

      islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов мектеп оқушыларымен кездесті.

   Томарлы ауылында орналасқан Қайырғали Смағұлов атындағы орта мектепте өткен кездесу барысында дін қызметкері Мақсот Бағытжанов жастарға «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттады.

    «Халқымыздың дәстүрінде жеті қазына қандай киелі болса, еліміздегі мұсылман қауымының тіршілігі мен құлшылығында жеті рухани қазық сондай қастерлі болуы керек» дейді Мақсот Бағытжанов.

   Еске сала кетелік, Қайырғали Смағұлов атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы Нұрлыбек Кенжебаев жүргізген кездесуге ұстаздар және білім ордасының 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты.

 

    Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырауда «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында ашық сабақ өтті

    islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.  «Қызға қырық үйден тыйым». Осындай тақырыппен орталық «Иманғали» мешітінде ашық сұхбат өтті.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге ақ жаулықты әжелер, әйел-аналар қатысты.

    «Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр» дейді аналар.

 

 

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов бәйгетөбелік жастармен кездесті

  islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.   Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов Бәйгетөбе ауылында жастармен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз Біләл Сағындықов исламдағы басты парыздың - білім алу хақында айтты. «Құран Кәрім мен хадис шәріптерде білімнің артықшылығы мен қадір-қасиеті жайында мысалдар көп.

Айтар болсақ, қасиетті Құранда: «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» дейді. Олай болса, Құранды түсіну үшін адам, ең алдымен, ғылымға ден қоюы керек.

Білім мен ғалымның қадір-қасиеті туралы Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?[2]». Байқасаңыз, осы аятта Алла Тағала сұрақ қою арқылы білімнің қадіріне меңзеп, білімді мен білімсізді салыстыруға шақыруда. Әрине, білімділер мен білімсіздер тең бола алмайтыны айдай анық. Білімді әрқашан жоғары, артық, білімсіз – төмен әрі кемшін» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Бәйгетөбе ауылындағы мектепте өткен кездесуге ауыл мұғалімдері және ұстаздар қатысты.

 

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

 islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.   Атырау қалалық Құспан молла мешітінде Ақсақалдар кеңесі құрылды.

Қалалық мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров төрағасы болып табылатын кеңес құрамы он ақсақалдан тұрады.

Кеңестің алғашқы отырысында «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын жастар арасында дәріптеу мәселесі талқыланды.

«Жеті рухани қазық» тұғырнамасы мұсылманның өн бойынан табылуы қажет қасиеттерді топтастыруымен құнды. Біз осы құжаттың өмірлік маңызын жастарымызға сіңіре алсақ, мақсаттың орындалғаны» деді Атырау қалалық мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Кеңес отырысы барысында ақсақалдар атқарылатын жұмыстардың жобасын жасады.

 

 

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Ұстаз Ержан Қағазғалиев жастармен кездесті

   islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев жастармен кездесті.

Дін және жастар тақырыбында өткен кездесу барысында ұстаз Ержан Қағазғалиев білім алудың маңызы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта шариғи ғана емес, дүниелік білімді де алу парыз. Сонымен бірге, мұсылман баласы исламды көркем мінезімен, отбасылық өмірдегі жауапкершілігімен, қоғамның дамуына үлес қосып, өзіндік адал еңбегімен де үлгі болуы тиіс» деп атап өтті өз сөзінде ұстаз Ержан Қағазғалиев.

Айта кетелік, бүгінгі таңда Сұлтан Бейбарыс мешіті жанынан ерікті жастар тобы құрылған. Жастар көп жағдайда қайырымдылық шараларға атсалысып келеді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Махамбет ауданында қайырымдылық акциясын өткізді

 islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.  Қайырымдылық акциясы Махамбет ауданында да жалғасты.

Бұл күні қамқорлықты қажет ететін елу отбасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы азық-түлік пакеттерін өз қолымен табыс етті.

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен бұл шара – адамзатты ізгілікке үндейтін бағдаршам іспетті.

«Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы, басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау, ал екінші қыры-іс-тәжірибелік жағы, іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу. Біз осындай ізгі шаралар арқылы, қоғамды жақсылық жолында бірігуге үндеуіміз керек» дейді Бас имам.

 

Еске сала кетелік, қайырымдылық акциясы орталық мешіттің ұйымдастыруымен өткелі отырған "Мәуліт" рухани кешінің билеттер сатылымынан түскен қаражат есебінен ұйымдастырылды.  

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Жарсуат ауылындағы 50 отбасына азық-түлік тапсырды

 islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Индер ауданында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылында өткен акция барысында елу отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді. Ерекше атап өтерлігі, қайырымдылық шарасы орталық "Иманғали" мешітінің ұйымдастыруымен өткелі отырған "Мәуліт" кешінің билеттер сатылымынан түскен қаражатқа ұйымдастырылды. Ізгілік шарасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып қатысты.

Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды.

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят).

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Демек, біз өз ісімізбен ұрпағымызды жастайынанқайырымдылыққа үйретуіміз керек» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Жүректегі бірлік

 Құдай Тағала Құранда: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік...[1]». Бұл аяттан Алла адамдарды бір-бірін «тану үшін» ғана ұлт пен ұлысқа бөлгенін айта келіп, бір ата, бір анадан тарағанымызды еске салу арқылы татулықта, берекеде болуға үндегенін аңғарамыз.

 Басқа халықтармен мәміледе «Кітап иелерімен ең көркем түрде, сыпайылық пен әдептілік сақтап пікір таласыңдар[2]», - деп келетін Құран аяты бар. Мұны терең түйсінген қазақ халқы өзге дін өкілдерін де сыйлап, құрметтеп отырған. Тарихи себептермен елімізге келген өзге ұлт өкілдеріне қырын қарамай, құшақ жайғаны осының айқын айғағы. Бұл аяттан қоғамдағы діні басқа адамдармен де көркем қарым-қатынас жасау әрбір мұсылманның асыл қасиеті, жақсы сипаттарының бірі екенін аңғарамыз. Қазақ халқы адамдарды нәсіліне, дініне, көзқарасына бөлмей «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деп, көршісі кім болса да, онымен сыйласып, дәм-тұз айқастырып, жоқ-жітігіне қарайласып, достық қатынасты жоғары қойған.

 

Алайда, бірлік тілде болғанымен жүректе болмаса, қоғамда жеміс бермейді. Жүрек біздің дінімізде аса маңызға ие. Жүректің ісі шынайы, нақты болады әрі нәтиже береді. Жүректің шынайылығы бұл дүниеде ғана емес, ақыретте де аса маңызды. Ол туралы Құранда: «...Тек, кім Алланың құзырына қалбун салиммен, яғни сау жүрекпен келсе, сол адам ғана пайда табады[3]»деген сүйінші аят бар. Ғалымдар бұл жүректің «Алланың әмірлерін орындаған, адасушылықтан ада, көркем мінез-құлықпен безенген» жүрек екенін айтады.

 Демек,  бізге бірліктің ауыз жүзінде ғана болғанынан жүректе болғаны аса маңызды. Сонда ғана қоғамда шынайы бірліктің көрінісі, нәтижесі болады. Абай атамыз да «бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес» дегенде осыны меңзесе керек.

 «Рухани жаңғыру» аясындағы біздің қоғам үшін бірлік пен берекенің мынадай пайдаларын тілге тиек етуге болады:

 Әуелі, береке, бірлікте болу – Алланың әмірін орындау. Қастерлі Құран «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» деп насихаттайды.

 Дінімізде көрінісі бар ғибадаттармен қатар, рухани да құлшылықтар бар. Намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, зекет берудің құлшылық болғанындай, Алланың кез-келген әмірін дұрыс орындау ғибадат ретінде саналады. Яғни, жоғарыдағы аяттың негізінде айтсақ, бөлінбеу, берекеде болу, халықтың бірлігін, тұтастығын сақтау да Алланың әмірін орындау болып, дінімізде сауапты істерден саналады.

 

Н.ЕРМАҒАМБЕТОВ, «Мәулімберген» мешітінің наиб имамы.

Толығырақ ...

Бірлік - бақыт бастауы

Дана  халқымыз  қай  кезде  де  «Бірлік  болмай, тірлік болмас», «Бірлік түбі - береке» деп бірлікке шақырып отырған. Бұл жайында тарих беттерінен талай мысалдар келтіруге болады.

Хакім Абай да: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», - деп, ұлттың қадірін, елдің қасиетін тануға үндеді. Себебі, бірлігі кеткен елде береке болмайтын еді. Халқымыз ел татулығына отбасы институты арқылы қол жеткізді. Бесікте жатқанында-ақ баласына «батыр болар ма екенсің?» деп, үлкен үміт артып, арамнан алыс, адалға жақын өсуіне ерекше мән берді. Соның негізінде халқымыз мұсылманшылығын сақтап, тура жолды нұсқаған данаға, жырау мен шешенге, ел қамын жеген батыр ұлға кенде болған жоқ.

 Ислам - бейбітшілік, бірлік пен татулық діні. Бұл туралы қасиетті Қүранда көптеген аяттар кездеседі. Айталық, «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер», - деген аяттың өзі-ақ бірлік жоқ жерде берекенің болмайтынына дәлел («Әли Имран» сүресі, 103-аят). Ал, бірліктен ажырап, өз алдына бөліну - дінімізде бүлікке алып баратын бірден-бір жол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде былай дейді: «Кім көпшіліктен (жамағаттан) сүйемдей жер алыстаса, ол өз мойнындағы Исламның арқанын алып тастағандай болады».

Құранның әміріне итағат жасап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен өнеге алған ардақты сахабалар да әрдайым мұсылмандарды бірлікке үндеумен болған. Шоқтығы биік сахабалардың бірі, әділ халифа хазіреті Омардың (р.а.): «Әй, адамдар! Мен сендердің алдарыңда тұрмын. Кезінде Алла Елшісі біздің ортамызда осылай тұрып: «Сендерге сахабаларымды өсиет етемін және олардан кейін келетіндерді өсиет етемін... Жамағатпен (көпшілікпен) болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар. Өйткені, шайтан жалғызға жақын, екеуден қашық. Кім жаннаттың төрін қаласа, көпшілікпен болсын деп еді», - деп айтқан сөзі берекенің бірлікпен ғана келерін тағы да растай түседі.

Ислам тегінде, «әс-сәләм» ұғымынан шығып, жер бетіне тыныштық және бейбітшілік тілеу деген мағынаны береді. Дін белгілі бір руға, тайпаға түспеген, адамзатқа насихат ретінде түскен. Ислам діні қазақ даласына осыдан он екі ғасырдан астам уақыт бұрын келді.

Міне, Ханафи мазһабын (жол, мектеп) ұстанған сол ғасырлардан бері қарай Орталық Азияда діни қақтығыс, тартыстар болмаған екен. Діни танымдағы біртектілік теріс үғымдардың белең алуына жол бермеген. Бүгінгі таңда екі жолдың айрығында тұрған сындарлы сәтте дін саласы қызметкерлерінің мақсаты - ділімізге сай келмейтін дәстүрден тыс бағыттағы ағымдардың алдына тосқауыл қою. Бұл - бір.

 Екіншіден, дәстүрлі дінімізге жат, теріс бағытта адасып жүрген бауырларымыздың өзегінен теппей, өз ортамызға тарту - біздің азаматтық міндетіміз. Біз дәстүрлі дінімізді насихаттап, сол туралы жастарға білім берумен қоса, халық арасын айыратын дін бұзарлық ниет, пиғылдан сақтандырғанымыз жөн-ақ. Мәселен, теріс діни ағым жолында жүрген жастар ел арасына іріткі салмай, бауырмалдыққа, бірлікке келу керек.

Қасиетті Құран-Кәрімде Алла Тағала: «Біз сендерді үнемі орта жолды ұстанатын қауым еттік», - дейді. Ал, ардақты Пайғамбарымыз Мүхаммед (с.ғ.с.): «Ақиқатында дін - жеңілдік. Ендеше, дінге қатысты қарысып қалмаңыз, онда оған деген сеніміңіз азаяды. Адамдарды дұрыс бағытқа бастаңыз, оларды жақындастырыңыз және соған қуанатын болыңыз», - деп бауырмалдыққа, бірлікке шақыруды үндеп, ел тыныштығын әр мұсылманға аманат еткен. Шынында да, «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бұл - тарихи заңдылық. Себебі, ел бірлігі - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мәңгілік елдігіміздің кепілі.

Отбасының берекесі шаңырағының тыныштығымен және отбасындағы татулықпен келген. Мемлекет те сол сияқты. Ендеше, кім-кімнің де дінге қатысты байсалды ұстанымда болуына ықпал еткеніміз абзал. Жұртын жанындай сүйген Ақтамберді жыраудың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар» бүтіндікке шақыруының да мәнісі осы болса керек. Бұхар жырау бабамыз: Қазағым халқым, батырым, Арманым бірлік арманым, - деп жырлаған.

 Алла Тағала Құран Кәрімде әмір етті: Бірінші Аллаға, одан соң Пайғамбарына және өз араларыңнан шыққан басшыға, ата-аналарыңа бой ұсыныңдар, - деді. Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, Алланың тура жолынан адаспасақ, екі дүниеде  де  бақытты  болатынымызға  күмән  жоқ.

 

Қ. ХАЙРУЛЛИН,  

«Мәулімберген» мешітінің наиб имамы.

Толығырақ ...

Бірлік пен ынтымақ

 Бірігуде, бірлік пен ынтымақта мейірім бар, ал бөлінуде Аллаһтың азабы бар» (Бәйһақи)

Бірлік пен ынтымақтағы қоғам көбейген сайын мейірім де арта береді. Бір хадис шәрифте: «Екі кісі бір кісіден, ал үш кісі екі кісіден қайырлы. Олай болса, бірге болыңдарделінген. (И.Асакир)

Қандай мәселе болса да, ұжыммен бірлікпен ынтымақта әрекет етуде көп пайда бар. Мысалы, тіпті бірге қосылып тамақтануда да мейірім бар. Бір хадис шәрифте: «Тамақты қосылып бірге жеңдер, берекет қосылуда» делінген.(ИбнМажа)

«Кім екеніміз емес, кіммен бірге екеніміз маңызды» делінген. Яғниөзіміз өте нашар адам болсақ та, жақсылардың арасына қосылуымыз керек. Бізге келетін бәле-жаладан олардың арасында болсақ құтыламыз. Олармен бір жерге барғанда олармен бірге ол жақта бізді де қабылдайды. Тіпті, ахиретте жәннатқа жақсылар бара жатқанда біз де олардың арасында болсақ, бізді ажыратып шығармайды. Асхаби кәһфтің иті салихтардың, жақсылардың артынан кеткендіктен, оларды жақсы көріп тастамағандықтан Аллаһу Та'ала оны, жануар болса да, салихтармен бірге жәннатқа кіргізетінін айтты. Демек, жақсылармен бірге болғандар, жануар болсада, құтылады. Екі хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһ бір жамағатқа мейірімін түсірсе, араларындағы жаман біреуін кешірмей қоюға ұялады» (Әбушшайх)

«Адам жақсы көргендерімен бірге тіріледі. Кәпірлерді жақсы көрген кісі олармен бірге, оған жасаған жақсы амалдарының еш пайдасы тимейді.» (Табарани)

Расулуллаһ бұл үмбеттің әр түрлі топтарға бөлінетінін, тек қана өзінің және мүбәрәк сахабаларының жолында болғандардың ғана құтылатынын айтты. Бұл топ «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталды. Бұл топта болмағандардың тозаққа түсетіні де хадис шәрифпен көрсетілді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Үмбетімнің ғалымдары адасушылықта мүлдем бірікпейді. Олай болса, сиуадиағзам (салихғалымдардың) жолында болыңдар, өйткені Аллаһтың мейірімі жамағатпен бірге. Олардан бөлінген кісі тозаққа кетеді» (Хаким, Ибн Жәрир, Хакими Тирмизи)

Бірлік пен ынтымақта болудың маңызын көрсеткен хадис шәрифтер төменде:

«Шайтан адамның қасқыры. Отардан бөлінген қойға қасқыр қалай шабуылдайтын болса, шайтан да жамағаттан бөлінген адамға солай шабуылдайды. Абай болыңдар, жамағаттан бөлінбеңдер!» (Тирмизи)

«Жамағаттан бір қарыс айрылған адам Ислам алқасын мойнынан шығарған болады» (Әбу Дауд)

Бұл жердегі жамағат дегеніӘһли сүннет уәл жамағат тобы. Әркім Әһли сүннетпін деп айта алады. Әһли сүннет болудың өлшемі бар. Аллаһу Та'ала Ислам дінін дұрыс үйренуді қалағандарға соны нәсіп ететініне сөз берген. Сондықтан, «Йа, Раббым! Саған сенемін, сені және пайғамбарларыңды жақсы көремін. Ислам білімдерін дұры сүйренгім келеді. Маған мұны нәсіп ет және мені қате жолдарға түсуден сақтадеп дұға етіп, истихара жасау керек.

 Аллаһу Та'ала оған дұрыс жолды көрсетеді. Аллаһу Та'аланың сөзіне сенім артып, Оған жүгіну керек. «Онсыз да мен дұрыс жолда жүрмін ғой» деп дұға етуден қашпау қажет.

 

 

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ,

«Мәулімберген» мешітінің бас имамы.

Толығырақ ...