Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚМДБ: 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА – 30 ИГІ ШАРА (ФОТО)

       islam-atyrau.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2020 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынысымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс-шараның жоспары бекітілді.

Атап айтқанда, ғылыми-танымдық кітап шығарып, әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында халықаралық конференциялар өткізу, 30 жылдық мерейтой кезінде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру, әл-Фараби, Абай сынды тұлғалардың, ел ішінде есімі еленбей жүрген дін қайраткерлерінің есімін мешітке беру, ауылдағы 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу, т.б. сауапты да салауатты шаралар күн тәртібіне енгізілді.

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ: ЖАУЛАСАТЫН – ДІН ЕМЕС, АДАМДАР (ФОТО)

    islam-atyrau.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл.  Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Германия астанасы Берлин қаласында өткен XV Халықаралық мұсылмандар форумында осылай деді.

Халықаралық форумның ашылу салтанатында баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Бүгінде әлемдік ақпарат құралдарында Исламды кемсіту үрдісі жиі кездеседі. Соның салдарынан адамдар арасында түсінбеушілік пайда болуда. Бұл мәселе барлық дінге қатысты көрініс табуда. Ақиқатында бір-бірімен жауласатын – дін емес, адамдар. Әр адам дін туралы көзқарасын түзеуі тиіс. Осы ретте діндер көшбасшыларының онлайн форумын өткізуді ұсынамын. Желілік ресурстар қоғамға ізгілікті насихаттаудың орнына адам санасын теріс арнаға бұруға ұмтылып жатқан қазіргі жағдайда бұл игі бастама мұсылман қауымын жақсылыққа үндейтін болады», – деді.

Айта кетсек, «Постсекулярлық әлем жағдайындағы дінаралық диалог – өзара ықпалдасудың тұғырнамасын іздеу» атты тақырыпты арқау еткен халықаралық форумға Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы және Мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдин, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, доктор Әли Ербаш, т.б. халықаралық діни ұйымдар мен дін саласындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да бар.

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен осымен он бесінше рет өткен форумда бірқатар қарар қабылданды.

Толығырақ ...

ҚАЖЫЛЫҚ-2019: ЕСЕП БЕРІЛІП, ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

  islam-atyrau.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл.   Елордада наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының төрағалығымен қажылық жұмысына қатысты алқалы жиын өтті.

Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов және қажылық фирмалардың жетекшілері қатысты.

Жиналысты ашқан наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы: «Қажылық – ұлы сапар болса, қажыларға қызмет ету – үлкен сауап. Адам баласы шынайы ниетпен қаражат жинап, қажылыққа барады. Ал оларға лайықты деңгейде жол көрсетіп, насихат айтып, қызмет ету – құрметті, абыройлы іс. Сондықтан, ҚМДБ қажылық фирмалардың жұмысына ұдайы мониторинг жасап, қадағалап отырады»,– деді.

Өз кезегінде сөз алған Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев қажылық маусымы кезінде мемлекет тарапынан бірқатар игі шаралар атқарылғанын, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев Қазақстан Қажылық миссиясының биылғы жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, турфирма тарапынан кеткен кейбір кемшіліктерді атап өтті. Сондай-ақ, Қажылық комиссиясының «өте жақсы», «жақсы», «орташа», «төмен» бағалау көрсеткішін алған фирмалардың атын атап, директорларына тиісті ескертпелер берді.

Басқосу соңында қажылық бағасын төмендету тетіктері мен жолдары кеңінен талқыланды.

 
Толығырақ ...