Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Атырау қалалық Құспан молла мешітінің жамағатымен жүздесті

   islam-atyrau.kz/9 қараша, 2019 жыл.  Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық Құспан молла мешітінде Құптан намазы алдында жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.

 

"Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбетіміз деген кезде, бойымыздан үмбетке сай қасиет табылып жатыр ма? Осы мәселеде өте қатты ойлануға тура келеді. Сондықтан да, біздер Құран Кәрімдегі аяттарға сүйене отырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін насихаттап, дәріптеуді қолға алып отырмыз. 

Алла Тағала Құранда: "Айт, Мұхммед! Егер, олар шынайы Алла Тағаланы сүйетін болса, жақсы көретін болса, менің соңымнан ерсін" деген. Яғни, біздің амалымыз жүрек тазалығында, иман өлшемінде, сөзімізбен бірге, ісімізде көрінуі керек" деп атап өтті Бас  имам өз сөзінде. 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінде "Ақсақалдар алқасы" құрылды

  islam-atyrau.kz/9 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде  "Ақсақалдар алқасы" құрылды.

Алқаның алғашқы мәжілісі Мәулімберген мешітінде өтті. Төраға,  кеңес мүшелері мақұлданған мәжілісте  ауыл бірлігі, қоғам тұтастығы, жат ағыммен күрес және жастар тәрбиесі мəселесі сөз болды.

Тағы бір атап өтерлігі, Мәулімберген мешітін кеңейту жұмыстары бүгінде қарқынды атқарылып жатыр. Жергілікті азаматтардан асарлатып түсіп жатқан көмек қоры да ұлғаюда. Мәселен, мешітке 

Алғабас ауылының Қосыбаев көшесі мен Ұлан көшесінің тұрғындары өз еріктерімен қаражат жинап əкеліп тапсырды.

 Мешіт имамы Мақсот Бағытжанов ауыл тұрғындарына алғыс айтып, ауыл ақсақалы Қайрош қажы Қуанұлы жұртшылыққа ақ бата берді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Исатай ауданында үш жүз адамды қамтыған уағыз айтылды

 islam-atyrau.kz/9 қараша, 2019 жыл.      Исатай ауданы орталығындағы  Зинеден Құрасұлы мешітінде "Екі дүниенің сардары" атты жұма уағызы өтті.

 

Атап өтерлігі, уағызды Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамы Нұрлан Жарқынбаев арнайы келіп жүргізді. 

Барлығы үш жүз адам қамтылған жұма уағызында Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі туралы кеңінен айтылды.

"Мұндағы мақсатымыз ауданымызда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамаcыз ету, жастарды  жат ағымдардан сақтандыру әрі өзара тәжірибе алмасуға жол ашу" дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

Жұма намазынан соң жеке тұлғалармен кездесулер өтті. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...