Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Бас имам «Мәңгілік Абай» бағдарламасына сұхбат берді

  islam-atyrau.kz/6 қараша, 2019 жыл.  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Орталық "Иманғали" мешітінде өткен түсірілім барысында «Мәңгілік Абай» бағдарламасына Абайдың діни философиясының мазмұны туралы кеңінен сұхбат берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы дара тұлғаның діни танымы әлі де болса кеңінен зерттеуді қажет ететіндігін атап өтті.

«Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол» деп келетін Абай өлеңдерінің осы бір қысқа үзіндісінде ақ, Абайдың дінге көзқарасын анық байқауға болады. Асылында, исламның мақсаты – адамзатты ізгілікке, бейбітшілікке үндеу. Абайдың шығармаларында діни сауаттылық, рухани кемелділік кеңінен көрініс тапқан» деп атап өтті өз сұхбатында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

      Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырауда әйел-ананың қоғамдағы ролі талқыланған жиын өтті

     islam-atyrau.kz/6 қараша, 2019 жыл. Қоғамдағы әйелдің алар орны мен ролі. Бүгін Атыраудың орталық мешітінде осындай тақырыпта дөңгелек үстел шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған іс-шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты. Сондай ақ, іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы  келді. 

Әжелер мектебінің және Әйелдер-қыздар секторының 40-тан астам өкілдері қатысқан шарада ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы әйел-ананың дініміздегі, қоғамдағы ролі туралы уағыз айтты. «Асыл дінімізде әйелзаты үлкен құрметке ие. Қазақ халқы да ықылым заманнан «Қыз – қонақ» деп, қыздарымыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Өз үйінде еркелетіп өсірген. Ұлттың болашағы әйелге байланысты. Сондықтан, әйел-анаға құрмет қай уақытта да маңызды болып қала бермек» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Тарихтан тағылым болып жеткен әйгілі Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным, дана Абайдың әжесі Зере, Кенесары батырдың қарындасы, Әбілқайыр ханның жары Бопай ханым, Бегім ана, Домалақ аналарымыздың батырлығы, парасаттылығы туралы кеңінен мысалдар келтірілген жиында  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы,  Әжелер мектебінің мүшесі Айсұлу Қайырқызы өз ойларын ортаға салды.  Сонымен бірге жиында қоғамда жиі орын алып жатқан ажырасу, қыз тәрбиесі мәселелері кеңінен талқыланды.

 

 

      Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас мүфти: Имамдардың арқасында жыл сайын 500-дей азамат жат ағымнан бас тартуда

  islam-atyrau.kz/6 қараша, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз деструктивті ағымға ерген азаматтарды радикалды райынан қайтару жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Ашығын айтқанда, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі археологтардың жұмыс бағытына ұқсайтын аманаты үлкен сала. Нәзік саланың мамандары, яғни археологтар мен имамдар жерді белден қазып, жұмысты өндіріп жасайын десе, топырақ астындағы тарихи жәдігерлерді бүлдіріп не сындырып алатыны ақиқат. Рухани мұраны аршып алуға сабыр мен төзім, ұқыптылық пен тиянақтылық қажет. Адам санасын оңалту да осындай: жылдар бойы жинақталған түйсіктегі теріс діни түсінікті күндер мен айлармен түзете алмайсың. Имамдармен жиі болатын жеке кездесуімізде де деструктивті ағымдағы азаматтара түсіндіру жұмыстарында терапевттің тәсілін қолданыңдар деп, бағыт-бағдар беретініміз сондықтан»,- деді Бас мүфти Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумында.

 

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, расында да, сана түзелсе адам түзеледі.

«Діни саладағы бірнеше жылдан еңбек өтілі мен тәжірибемізді ескере отырып, оңалту жұмыстарында тиімді тәсілдің бірі де бірегейі – оның қуанышы мен қиындық сәттерінде бірге болу дер едім. Сұхбаттасу тәсілі достыққа жетелейді. Мұны психология ғылымы сұхбаттасушының жағдайына ену деген ұғыммен түсіндіреді. Ал Ислам діні бұдан да биік көркем амалға үндейді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед «Өзіне қалаған игі жақсылықты өзге адамға қаламайынша шынайы иманмен қауыша алмайды» дейді. Облыста өкіл имам болып жүргенде де деструктивті ағымға алданған адамдарға моральдық һәм материалдық тұрғыда жүйелі түрде көмек көрсетіп келдік. Жанашырлық сезім нақты амалмен үйлеспесе әрине, ол нақты нәтиже бермейді. Имамдардың тілеутестігін таныған сол азаматтар қатарымызға қосылып, радикалды райынан қайтты. Осылайша, сұхбаттастық достыққа, ал достық қатынас бауырмалдыққа ұласады»,- деді ол.

Бас мүфтидің айтуынша, бүгін де білім мен тәжірибесі толысқан имамдардың да осы бағыттағы жұмыстарының арқасында елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат жат ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінімізбен қауышып келеді.

 
Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінде көшпелі дәріс өтті

 islam-atyrau.kz/6 қараша, 2019 жыл.     Орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешітінде көшпелі дәріс өткізіп, жастармен кездесті.

            Кездесу барысында ұстаз Ерболат Боханов Хабиб ибн Зейд аль-Ансари туралы уағыз айтты.

«Оның әкесі Зайд Ибн Асым Йасрибтегі ең ізгі мұсылмандардың бірі болды. Және де ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с) адал қызмет етуге ант берген алғашқы 70 мұсылманның қатарында болды. Оның анасы Хабиба Умм Амара Насиба аль-Мазинийа Алла разылығы және дінді қорғау жолында қолына бірінші болып қару алған әйел. Оның отбасы саналы ғұмырын толықтай дін тарату жолына арнаған» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Кездесу соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты.

 

 

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...