Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исатай ауданында шәкірттер азан айтудан жарысты

 islam-atyrau.kz/3 қараша, 2019 жыл. Исатай ауданындағы Зинеден Құрасұлы мешітінде шәкірттер арасында "Әдемі әуезді азан" жарысы болып өтті.

Атап өтерлігі, жарысқа қатысуға ниет білдіргендер үшін жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. "Рухани бәйгеге  бес жасар баладан бастап, орта жасқа жеткен үлкен кісілер де қатынасты. Барлығы 20 шәкірт бақ сынасқан бәйге үш талап бойынша өтті. Яғни, қатысушылардың азанды шақыруда мақамы, махраж  және қателікке бой алдырмауы назарда болды" дейді ұйымдастырушылар.

 "Зинеден Құрасұлы" мешітінің бас имамы Шалхар Дәулетханұлы  және аталмыш мешіттің наиб имамы  Суннатолла Мұқанов қазылық еткен шарада үш шәкірт топ жарды.

Азан жарысында бірінші орынға Аянбек Ахметұлы лайық деп танылды.  Екінші орынды Жанарыс Жантемір алды. Үшінші орын Абылай Сиғуатовқа бұйырды.

Сондай ақ,  Дәулет Шапиғалла, Қылышбай Баниазов және жарыстын ең кішкентай қатысушысы  Ерасыл Темірғали арнайы сыйлыққа ие болды. 

Жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.

"Мұндай рухани шаралар мешіт жамағатын, жастарды ізгілік жолында біріктіру үшін маңызды" дейді ұйымдастырушылар. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...