Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Қызылқоға сапарын Сағыз ауылында қорытындылады

 islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Қызылқоға ауданына жұмыс сапарын Сағыз селосында қорытындылады.

Сағыз ауылындағы жергілікті мешітке барып, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысқан Бас имам, жамағатпен жүздесті.

Кейін жергілікті "Шұғыла" мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ІІІ республикалық имамдар форумы кезінде қабылданған құжаттардың маңызы туралы айтты.

"Қазақта "Қарты бардың қазынасы бар" деген керемет тәмсіл текке айтылмаған. Біздің мешіттеріміз дінімізді, ділімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда ақсақалдарымызбен бірлесіп еңбектенетін болады" деп атап өтті өз сөзінде мұнайлы өлкенің Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы.  

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Бас имам Қызылқоғаға сапары аясында Көздіқара ауылындағы мешітті көрді

 islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Көздіқара ауылдық округіне арнайы барды.

Басты жаңалық сол - қазіргі уақытта Көздіқара ауылында да мешіт салынып жатыр. "Жоспар бойынша мешіт келер жылдың жазында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған дейін де ерекше назарда ұстағанымыздай, мешітпен бірге, мұнда қызмет ететін имам үшін қызметтік пәтер де салынады. Осылайша, мешіттеріміздің саны көбейе түседі. Әрі баспана мәселесінің шешілуі - кадр саясатында оң өзгерістер әкеледі" дейді Бас имам. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Қызылқоға: Жамбыл округінде мешіт ашылады

    islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  Жамбыл ауылдық округіне барды. 

Қазіргі таңда аталмыш округте мешіт құрылысы жүріп жатыр. "Мешіт құрылысы бүгінде аяқтала келді. Есігін айқара ашып, халыққа қызмет көрсететін күні де алыс емес. Бүгінгі таңда мешіттің құрылысына қоса, дәретхана құрылысы да бірге жүруде. Біздің мақсатымыз ауылдарымызды неғұрлым көбірек мешітермен қамтамасыз ету" дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы. 

Сапар  аясында Бас имам құрылыс жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Қызылқоға ауданына жұмыс сапарын Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жұртшылықпен кездесу арқылы жалғады.

Аталған аудан орталығы Миялы ауылында өткен кездесуге жергілікті зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, жас мамандар қатысты. 

Жиын барысында Бас  имам Алтынбек Ұтысханұлы аудан жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды.  "Адамның өмір салты жиі құбылған заманда рухани құндылықтар аса маңызды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтқандай, негізделмеген кез келген бастамалар баянсыз, яғни болашақсыз болады. Сондықтан да, мақсатымыз – рухани құндылықтарды, ойларымыз бен ұсыныстарымызды ортаға салып, бұдан былайғы уақытта дін қызметкерлері қабылданған құжаттар аясында қоғамда жастар тәрбиесінде осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз», - деп атап өтті Бас имам өз сөзінде.

Кездесу соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Бас имам Қызылқоға ауданының әкімімен кездесті

 islam-atyrau.kz/28 қараша, 2019 жыл.   Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Бас  имам Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевпен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында қос тарап облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандағы діни, рухани ахуал, өзекті мәселелер хақында ой бөлісті. Және имамы жоқ шалғай ауылдарды білікті дін мамандарымен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Кездесу аясында қос тарап өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге уағдаласты.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Қызылқоға ауданына қарасты екі бірдей ауылда мешіт құрылысы жүріп жатыр. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы журналистермен кездесті

 islam-atyrau.kz/28 қараша, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті журналистермен кездесті.

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингінде өткен кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы елдегі діни ахуал, мүфтияттың ұстанымы, алдағы атқарылатын мәселелер төңірегінде ой қозғады.

«Біз дінімізді иманмен, әдеппен, жұмсақтықпен жеткізуіміз керек. Сол себепті, уағыз-насихаттарымызды адамгершілік, мінез көркемдігі, ізгілік тұрғысынан дәріптеуіміз керек. Осы ретте бізге «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жолбасшы бола алады. Асылында, ислам этикасы – көркем мінез-құлық нормалары мен имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбірлік, еңбекқорлық сынды рухани құндылықтардан тұрады. Бүгінгі қоғамның мұсылмандары ислам этикасын, ондағы адами құндылықтарды ұстана білуі қажет. Яғни, біздің мақсатымыз – дін талаптарына бекем, жүрегі таза, рухани тұрғыдан жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы өз сөзінде.

Жиын барысында елдегі мешіттердің үлгісін бірыңғайландыру, өмірге келудің хикметтерін насихаттау, уағыз-насихат форматындағы материалдарды интернет кеңістікке көбірек жүктеу мәселелері қозғалды.

Айта кетелік, бейресми форматта өткен кездесуге «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі директоры Қайрат Әбуов,«Атырау – Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары Ысқақ Егембердиев, «Атырау» облыстық газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Атырау» телеарнасының директоры Қанат Әуесбай және журналистер қатысты. Кездесу соңында тараптар бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қала және аудан имамдарының есебін тыңдады

 islam-atyrau.kz/28 қараша, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында қала және аудан имамдары есеп берді.

Жиын барысында жыл басынан бермен қарай атқарылған жұмыстардың есебі алынып, алдағы жылдың межесі сараланды.

Мәселен, Исатай ауданы «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы  ШалқарДәулетханұлының айтуынша, жыл басынан бері ауданда жамағат алдында  түрлі тақырыптарда 2310 мәрте уағыз айтылды. «Уағыз-насихат жұмыстары 108 мың 720 адамды қамтыды. Есепті мерзімге дейін аудандық орталық мешіттің бастамасымен 7 мәрте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды» дейді ол.      

Қала және аудандарда атқарылған істердің есебін тыңдағаннан кейін  имамдарыныңАтырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы алдағы жылдың жұмыс  жоспарын талқылады.

«Жақында ғана елордада өткен жиын кезінде мүфтият жұмысы үшін маңызы зор үш бірдей құжаттың қабылданғаны белгілі. «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізімі» және «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы біздің жұмысымыздың басты темірқазығына айналуы тиіс. Дінімізді адамгершілікпен, иманмен дәріптеу бағытындағы жобаларымыз жалғасады» деп атап өтті жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Есеп беру жиыны кейін спорттық бәсекеге ұласты. Салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында имамдар волейбол ойыны бойынша бәсекеге түсті.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырау: Орталық мешітте 20 отбасыға азық-түлік таратылды

 islam-atyrau.kz/28 қараша, 2019 жыл.    Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Атыраудың орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында аймақтың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы 20 отбасыға азық-түлік табыс етті.

Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды қамтыды. Ет өнімі және күнкөріс себетіндегі ең қажетті азық-түлікпен толыққан, әрқайсысы 25 келі болатын пакеттерді облыстың бас имамы  мұқтаж жандарға өз қолымен табыс етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының қатарында қайырымдылық мәселесі де бар. Мешіттер мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолы шарамыз Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Мәулітті біз Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен бірге, ізгі істер жолында да бірігуіміз керек» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...