Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Әт Тақуа мешітінде уағыз айтып, жұма намазын жүргізді

islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл.   Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы  мұнайлы өлке орталығындағы Әт - Тақуа мешітінде жұма намазын өткізді. 

Намаз алдында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы  шынайы достық тақырыбында уағыз айтты.

"Достыққа ұмтылу - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі, өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Асылында, қасиетті ислам діні бейбітшілікті, ынтымақты уағыздайды. Еліміз көпұлтты, татулығы жарасқан мемлекет ретінде дүниежүзінде үлкен беделге ие болып отыр. Қазақ халқының меймандостық қасиетінің өзі имандылықтың бір көрінісі. Қанша ұлт, әртүрлі дін болғанымен, түп қазығы – бір, Жаратушы Жалғыз! Ендеше, өлшеулі ғұмырымызды саналы түрде игілікке арнаумен өткізу парыз" деп атап өтті Бас имам өз сөзінде. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына Махамбет ауданының жұртшылығы алғыс айтуда

   islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл.  Бұл туралы бүгін islam-atyrau.kz-ге Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы хабарлады.

«Жұма намазынан соң, ауыл ақсақалдары жақында ғана өңірімізге арнайы сапармен келген ұстаз Алтынбек Ұтысханұлына ризашылықтарын білдірді. Махамбет жұртшылығы  Бас имамның барлық бастамаларын қолдайтынын айтуда. Әсіресе, жұртшылық «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасын жылы қабылдауда. Жастарды имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы игі бастамаларымызға мешітіміздің, ауылымыздың ақсақалдары да атсалысатын болады. Және Таңдай ауылынан жаңа мешіттің салынатыны – халықтың көптен күткен жаңалығы еді» дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы.

Еске сала кетелік, жуырда ғана Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына арнайы барып, жергілікті орталық мешітте жамағатпен жүздескен болатын. Жүздесу барысында ұстаз ел бірлігі, қоғамдық тұрақтылық мәселелерін көтеріп, жамағатқа «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасын таныстырды. Осындай форматтағы жұртшылықпен кездесу жергілікті мәдениет үйінде де өткен еді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам "Имам уақыты" бағдарламасына сұхбат берді

islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл.    Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық «Каспиан ньюс» телеарнасына сұхбат берді.

Әр апта сайын эфирге шығарылып отыратын «Имам уақыты» бағдарламасына бас спикер ретінде қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы көрермендер тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Намаз оқудың тәртібі, мәсіх тарту, мұсылман сипаты, ислам құндылықтары сынды көптеген сауалдарға жауап берген ұстаз Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жан тазалығы хақындағы ойларымен бөлісті.

«Бұл бағдарламаны «Каспиан ньюс» телеарнасымен бірлескен жоба десек те болады. Мұндай бағдарламалар бұқараға қажет. Себебі, халық іздеген рухани сұранысын мешіттермен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да алып отыруы қажет» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Махамбет ауданының орталық мешіті жанынан дәретхана ашылды

 islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл.  Бұған дейін тар жерде дәрет алуға мәжбүр болып келген жамағат үшін бұл үлкен жаңалық болып отыр.

«Дәретхана құрылысы екі айдың ішінде аяқталды. Біз бұрынғы дәретханаға жапсарлас етіп ғимарат салдық. Бұл орынның сыйымдылығы бір мезгілде жиырма адамға қызмет көрсетуге шақталған. Жаңа нысан заман талаптарына толықтай жауап береді» дейді Махамбет ауданының орталық  мешітінің бас имамы Ержан Насихатұлы.

Айта кету керек, пайдалануға берілген жаңа нысанды жақында ғана Махамбет ауданына сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы аралап көрді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...