Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Құрманғазы ауданының орталық мешітінде "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын насихаттады

islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл.   Құрманғазы ауданына іс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті Темірәлі мешітіне барды.

Құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Және атқарылып жатқан жобаларға байланысты тапсырмалар берді.

Кейін Бас имам аталмыш мешітте жергілікті жамағатпен жүздесті. Жүздесу барысында ұстаз ел бірлігі, қоғамдық түрақтылық, жамағат арасындағы ауызбірлік мәселесін көтерді.

Сондай ақ, ұстаз дін мен ділді  сақтауда "Жеті рухани қазық" тұғырнамасының темірқазық бола алатынын айтты. "Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Құрманғазы ауданына сапары аясында Бас имам зиялы қауым өкілдері және жастармен жүздесті

 islam-atyrau.kz/21 қараша, 2019 жыл.     Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында бүгін  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті зиялы қауым өкілдері және жастармен кездесті.

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің акт залында өткен кездесу барысында ұстаз  Алтынбек Ұтысханұлы жастар тәрбиесі, қоғамдық тұрақтылық мәселесіндегі діннің ролі, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы келелі сұхбат айтты.

Және аудиторияны жуырда ғана ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған бірден-бір маңызды құжат - "Жеті рухани қазық" тұғырнамасымен таныстырды. "Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында игі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібе табу – Пайғамбар (с.ғ.с) салған сара жол. Ислам діні масылдыққа салынуды құптамайды. Шәкәрім бабамыз: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек", – дейді. Қабылданған  құжатымыз жастарды еңбекке баулиды.

Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбір жанға міндет. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Ислами әдепті бойына сіңіру арқылы әрбір мұсылманның мәдениеті артады. Хәкім Абай: "Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады", – деп әдеп пен мәдениеттің мәнін түсіндіреді. Тұғырнамада мәдениеттілік мәселесіне де ерекше маңыз берілген" деп атап өтті өз сөзінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесудің екінші кезеңінде Бас имам аудитория тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Құрманғазы ауданының әкімімен кездесті

islam-atyrau.kz/21 қараша, 2019 жыл.  Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.

Даңқты күйші атындағы өңірге сапарын Бас имам Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевпен кездесуден бастады.

Екі жақты кездесу аясында қос тарап елдегі, жергілікті жердегі діни ахуал, мүфтият тарапынан атқарылып жатқан діни ағарту жұмыстары, қоғамдағы тұрақтылықты жетілдірудегі діннің ролі тақырыптарын талқылады.

Және жергілікті жердегі мешіттердің экономикалық, ауыл имамдарының әлеуметтік жағдайы туралы мәселелер де зерделенді. "Бұл сапарды  Құрманғазы ауданы халқымен танысу мақсатындағы шара. Біз жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыс атқаруды мақсат етіп отырмыз" дейді мұнайлы өлкенің Бас имамы   Алтынбек Ұтысханұлы.  

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...