Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат ауданында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды

  islam-atyrau.kz/16 қараша, 2019 жыл.  Мақат аудандық орталық мешітінде өткен іс шараға жергілікті жамағат қатысты. 

«Жеті рухани қазық» атты Қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасының басқа құжаттардан арқалаған жүгі ерекше. Шынын айтуымыз керек, біздің осы күнге дейін «ихсан» тақырыбын көтеруге мұршамыз болмады. Қазақстан мұсылмандары рухани жаңа тұғырнамасы осы олқылықтың орнын толтыруға арналған бірегей құжат болатынына сенім мол.

Рухани тұғырнаманың беташары Хақ-Тағаланың: «Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан һәм зорлық-зомбылықтан тыйып, сендерге насихат береді», (Нахл, 90) деген аятынан басталады. Сондай-ақ, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім» деген хадис-шарифімен жалғасады. Рухани тұғырнама аталған аят пен хадистің тәпсірі іспетті. Өйткені, құжаттың мазмұны осыған сай өрілген» деп атап өтті өз сөзінде Біләл Сағындықов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырауда өткен Мәуліт мерекесіне екі жүзге жуық жамағат қатысты

   islam-atyrau.kz/16 қараша, 2019 жыл.  Бүгін Атырауда Мәуліт мерекесі аталып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне  мұнайлы өлкенің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

 

Бір ерекшелігі, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте өткен рухани кешке Атыраудағы мешіттердің барша әйелдер жамағаты қатысты. Аталмыш шарада жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтаған ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі туралы уағыз айтты. 

Шәддад ибн Әус (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Нағыз ақылды әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал, нағыз бейшара тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Аллаһтың мейірімінен үміт еткен адам деп айтты» деген. (Тирмизи риуаят еткен). Әр мұсылман үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үлгі болуы керек" деп атап өтті ұстаз өз сөзінде. 

Рухани шара аясында Пайғамбардың  (с.ғ.с) өмірі туралы көрініс көрсетіліп, илләһи әндер айтылды. Және мешіттің игі бастамаларына атсалысып жүрген әйел аналарға Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы алғыс хат табыс етті.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...