Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Халықаралық студенттер күніне орай, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жастармен жүздесті

 islam-atyrau.kz/15 қараша, 2019 жыл.  Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық "Иманғали" мешітінде жастар жамағатымен жүздесті.

Халықаралық студенттер күніне орай өткен шарада дінге қызығушылық танытып жүрген жастар және жамағат қатысты.

Құптан намазынан кейін өткен іс шара аясында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы "Асыр" сүресінің тәпсіріне кеңінен тоқталды.

"Өмір күрестен тұрады. Адам баласының өмір бойы күресіп өтуі тиіс дұшпаны - оның нәпсісі. Ең алдымен, адам жанын тәрбиелеп алуы керек. Ал, жанды тәрбиелеп, нәпсіні тежеуге септігін тигізер сүре - "Асыр" сүресі. Алла Тағала бұл сүрені уақытпен ант етіп бастаған. Алланың бір нәрсемен ант беруі - сол нәрсенің ұлылығын, маңыздылығын білдіреді" деп атап өткен ұстаз, одан әрі  уақыт, иман және амал мәселесіне тоқталды.

Еркін форматта өткен кездесу соңында "Иман жастары" ұйымына еріктілер жаңа мүшелікке қабылданды. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (+ФОТО)

  islam-atyrau.kz/15 қараша, 2019 жыл.  Елордада Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кеңейтілген Төралқа мәжілісіне дайындық жұмысы талқыланды.

Жиынға наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, сонымен қатар ҚМДБ бөлім басшылары қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Діни басқарманың жыл соңында кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтеді. Дәстүрге сай, облыстың бас имамдары есеп береді. Біз осынау айтулы шараға үлкен дайындықпен баруымыз керек. Сондықтан, Төралқа мәжілісіне қатысты құжаттарды пысықтап, бұл іс-шараға аса мән беруіміз тиіс. Ең алдымен есеп беру тәсіліне тың идеялар қажет», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда ҚМДБ бөлім басшылары есеп беру шарасына қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, бірқатар құжаттардың жобасын ұсынды.

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ – БАКУ САММИТІНДЕ (ФОТО)

     islam-atyrau.kz/15 қараша, 2019 жыл.  Әзірбайжан астанасы Баку қаласында әлемдік дін лидерлерінің саммиті өтіп жатыр. Осымен екінші рет ұйымдастырылған халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация қатысуда.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ашқан саммитте жаһандық әлемде мәдениетаралық диалогты нығайту, дін лидерлері терроризмге, агрессияға, исламофобияға қарсы, әйел, бала, жастар құқығын қорғау, әлемдік діни татулықты нығайтуда дін қайраткерлерінің рөлі, т.б. тақырып бойынша мәселелер талқылануда.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сапар аясында Қапқаз мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Аллашүкір Пашазадемен, Түркия дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Равиль Ғайнутдинмен, Ресей Орталық мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Талғат Тәжуитдинмен, Өзбекстан мүфтиі Османхан Әлімовпен, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушовпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық, өзара келісім, ортақ мақсаттарды жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Айта кетейік, Бакудегі халықаралық саммитке әлемнің 70 елінен келген дін лидерлері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысуда.

Саммит соңында Баку декларациясы қабылданбақ.

 

 

 

Толығырақ ...