Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда орталық мешіттің қолдауымен қайырымдылық асханасы ашылды

 islam-atyrau.kz/10 қараша, 2019 жыл.   Бүгін Атырауда қайырымдылық асханасы ашылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігінің қолдауымен ашылған асхана тұтынушыларға көрсетілген қызметтен түскен қаражаттың негізгі бөлігін қайырымдылық жолындағы істерге арнайтын болады.

Мұнайлы өлкеде ашылған ғимараттың тұсау кесер салтанатына Атырау облысының  Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, кешеннің лентасын қиды. 

Луфер халал асханасы аптаның дүйсенбісінен жұма аралығында түскен қаражатты толықтай қайырымдылық мақсатқа жұмсайды. Ал, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері келушілердің барлығына отыз пайыз жеңілдік қарастырылған. Жексенбі күні көп балалы аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін ас-ауқат қарастырылған. Сонымен бірге, аталған категориядан шыққан балалар бұл күні алаңда тегін ойнап, демалысын ерекше өткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, жұма күні дін мамандары бұл асханадан елу пайызға дейінгі жеңілдікпен ауқаттана алады.

"Мұндай орындардың көбеюі - дініміздің өркендеуінің бір белгісі. Себебі, біздің кәсіпкерлеріміз ізгілік эстафетасына жол ашып отыр" дейді Атырау облысының  Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы. 

Асхананың мекен-жайы Атырау қаласындағы "Атырау-Жарық" аялдамасы бойындағы Темірханов 12 В көшесінде орналасқан.  

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...