Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Жеті рухани қазық" тұғырнамасы жұма алдында насихатталды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы бүгін жамағатқа "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды.

         Жұма намазы алдында өткен уағыз кезінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы рухани тұғырнаманың қоғам өмірінде алатын өзіндік орны, маңызы туралы кеңінен насихаттады.

    "Ислам дінінде адал жолмен табыс тауып, еңбек етуге айрықша мән берген. Адал жолмен, маңдай термен табыс табу екі дүниені де абат қылатыны ескертілген.  Жалпы, шариғат бойынша, адал еңбек етудің өзі дұғаның бір түрі екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, «Халал еңбек ету – әр мұсылманға парыз», «Халал табыс табу үшін шыққан адам жиһадта жүрген кісі тәрізді», - деген ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман қауым үшін адал еңбектің қаншалықты маңызды екендігін да саралап тұрып айтып кеткен. Хакім Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбек етуге, адал табыс табуға өсиет еткен. Рухани тұғырнаманы оқып отырған адам ондағы сүбелі ойлармен және оның бүгінгі күн тұрғысынан өзекті екендігімен еріксіз келіседі" дейді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің басапсөз - қызметі.

 

Толығырақ ...

Бас имам "Иман нұры" бағдарламасына қатысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті "Атырау" арнасындағы "Иман нұры" бағдарламасына басты спикер ретінде қатысты.

         Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында  Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы елордада өткен республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар, соның ішінде "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы туралы кеңінен ақпарат берді.

"Рухани тұғырнаманың қабылдануы өз алдына үлкен жаңалық болды.  Басты мақсат рухани қуатты ел болып қалыптасудағы  негіздерді ашып көрсету. Құжат осынысымен де құнды.

Оның өзегіндегі ойлар имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік секілді ұстындарды қамтиды" деп атап  өтті Бас имам өз сөзінде.

Тікелей эфир барысында  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы көрермен сауалдарына жауап берді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің басапсөз - қызметі.

 

Толығырақ ...