Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әт Тақуа мешітінде жастарға арналған отырыс болып өтті

  islam-atyrau.kz/9 қазан, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Әт Тақуа мешітінде жастарға арналған отырыс болып өтті. Онда «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жақсы көрген жастар» тақырыбы талқыланды.

Жастарды қоғам тыныштығын сақтауға, береке, бірлікке үндеген Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және сахабалар өмірінен мысалдар келтіріп, үлгі етті.

Хадис шәріпте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Әрбір жаңа туған нәресте фитрамен (яғни, пәк жаратылған халінде) дүниеге келеді», – дейді.

Егер ата-ана перзентінің пәкиза жаратылысына көңіл бөліп, оны әрмен қарай дамытса, Ислам мәдениетін, этикасын сіңіре отырып тәрбие берсе, Алланың әмірлерін орындауға үйретсе, онда бала да құнарлы жерде өскен түзу, жемісті ағаш секілді тамырын тереңге жібереді.

Жастардың өмірімізде алатын орны ерекше екендігі шүбәсіз. Егер жас буынымыз салиқалы да қайратты болып өссе, олар мұсылман үмбетін қайта жаңғыртып, Отанымыз Қазақстанның лебін дүниенің төрт тарапына еркін тарата алады. Өйткені, Алла Тағала жастарға қажымас қайрат, таусылмас күш-қуат пен ұшқыр ақыл бергендігі белгілі» деді Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Таң намазын оқудың сегіз пайдасы

 

Таң намазын оқыған адам түні бойы құлшылық жасағанмен тең.

Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) былай деп куәлік етеді: «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: «Кім кұптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық  жасағанмен тең». (Муслим, 260/656 )

Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді», - деген. (Муслим, 261/657)

Адам  таң намазын мешітте,  жамағатпен бірге оқуды әдетке айналдырса, онда оған Қиямет күні сыйға Нұр тартылады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін Қиямет күні нұрландырады», - деген . (Сунан Ибн Мәжәһ, 781)

Таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқыған адам, сөзсіз, Жәннатқа кіреді!

Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Әл - Бардайнды орындаған адам – Жәннаттық», - деді.  Әл - Бардайн - Таң намазы (фәжр) және Екінті намазы (аср).
(Бұхари, 548/549)

Таң намазы ұйқыдан артық және ол тағдырды жеңілдетеді!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады»  («Әл-Жами`ус-Сағир», 5129). 

Оның мәні: Таң намазы мен күннің шығу уақыты - зікір жасайтын уақыт, Алланы еске алатын кез. Осыған қатысты ғалымдар: «Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі - бұл ризық бөлінетін уақыт», - деген.

Таң намазын оқу – бүкіл әлемнің байлығын қолыңа ұстағаннан артық!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң намазының екі рәкағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық», -деген. (Муслим, 96/725)

Таң намазын оқыған адамға періштелер куәлік етеді!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып,  сендермен түнде бірге болғандары (көкке) көтеріледі. Сонда (Алла) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» - деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ, олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді», - деседі», - деген.
(Бұхари, 530)

Таң намазын оқыған адамды Алла жарылқайды және оған береке сыйлайды!

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: «Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр», - деп дұға жасаған.
(Тирмизи)

Арман ИСАЕВ, Жылыой мұсылмандар мешітінің бас имамы.

 

Толығырақ ...

ҚМДБ мен «ҚазИнст» арасында келіссөздер жүргізілді

   islam-atyrau.kz/9 қазан, 2019 жыл.    ҚМДБ жанындағы «Халал даму» ұйымының директоры Елжанов Ануар «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» бас директоры Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлымен іскерлік кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты сарапшы-технолог, технолог, аудитор мамандарының оқу курстары арқылы стандарттау саласындағы біліктілігін арттыра отырып, өзара тәжірибе алмасу жайлы болды. Кездесу барысында білім және зерттеу басқармасы бөлімінің басшысы Каримова Гүлмайда Қонысбайқызы оқу курстары жөнінде толық ақпарат берді.

Атап айтқанда, халал стандарттарды әзірлеу жөніндегі сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.

Екі жақты келіссөздер нәтижесінде «ҚазИнст» мамандарының жетекшілігімен «Халал даму» ЖШС ұйымының мамандарына «Тағам қауіпсіздігі» саласы бойынша оқу курстарын өткізу туралы келісімге келді.

Толығырақ ...