Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ВИЦЕ МИНИСТР: ИМАМДАР ФОРУМЫ – ТАРИХИ ОҚИҒА (ФОТО)

  islam-atyrau.kz/8 қазан, 2019 жыл.   Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісіне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов қатысты.

Марат Алмасұлы қазан айында өтетін ІІІ республикалық имамдар форумы ел мұсылмандарының рухани өмірінде тарихи оқиға болатынын айрықша атап өтті. 

"Республика имамдарының басын қосатын игі іс-шара тарихи оқиға болмақ. Форумда қабылданатын құжаттар ҚМДБ жұмысына серпін береді деп сенемін", - деді М.Әзілханов. 

Кездесу барысында ІІІ имамдар форумында қабылданатын бірқатар құжаттардың мазмұны талқыланды.

Төралқа жұмысына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ: ӘЛ-ФАРАБИ, АБАЙ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗУ КЕРЕК (ФОТО)

   islam-atyrau.kz/8 қазан, 2019 жыл.    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада өткен Төралқа мәжілісінде өңірлерде әл-Фараби, Абай оқуларын өткізу қажеттігін сөз етті.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, түркі әлемінің ойшыл ғұламалары - әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында елімізде игі істер жүзеге асады. Біз, дін қызметкерлері осынау ізгі бастаманы қолдай отырып, "Нұр-Мүбәрак" университетінде, медресе-колледжде, Ислам институтында, қарилар орталығында, қайырымдылық мекемелерінде, діни сауат ашу курстарында білім алып жатқан шәкірттер арасында әл-Фараби мен Абай оқуларын өткізуіміз керек. Біздің шәкірттеріміз ойшыл-ғұламаларымыз бен ақын-жырауларымыздың өсиетті өлеңдерін жатқа біліп, оны жамағатқа дәріптеуі тиіс", - деп атап өтті.

Төралқа мәжілісі жұмысына ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.

Кездесу соңында Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлері мен өкіл имамдарға нақты тапсырмалар берді.

 

Толығырақ ...