Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ИМАМДАР ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (+ФОТО +ВИДЕО)

   islam-atyrau.kz/3 қазан, 2019 жыл.  Бүгін елордадағы ҚМДБ бас кеңсесінде осы айда өтетін ІІІ Республикалық имамдар форумына дайындық барысы талқыланды.

Алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және бөлім басшылары қатысты. Өз кезегінде Марат Алмасұлы Діни басқармаға Министрлік тарапынан қашан да қолдау бар екенін айта келе, форумда қабылданатын құжаттың тарихи маңызы зор деді.

«Бұл құжат жастарды жат ағымнан сақтандырып, имамдардың мәртебесін айқындап бермек. Яғни мұсылманның екі қанаты бар десек, діни ұстаным мен ұлттық құндылықтар осы жерде түгел қамтылады. Елдің болашағына байыппен қарайтын кез-келген адамға ой салуы тиіс. Оның қайырымды, үлгілі, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол болуына әсер етуіміз керек»,- деді вице министр.

Сонымен қатар алдағы уақытта Ислам дінін насихаттаған кешегі жыраулар, ақындар, абыздар мен билердің шығармаларын насихаттау қолға алынбақ.

Жиын соңында Министрлік пен Діни басқарма қайырымдылық, зекет бойынша бірқатар жұмыстарды бірігіп атқаруға уағдаласты.

Толығырақ ...

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркия сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді (+ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/3 қазан, 2019 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркия сапарының қорытындысы туралы Анкара қаласында "Хабар 24" телеарнасына сұхбат берді.

"Біз Анкараға сапарымызда екі ел мұсылмандарының рухани орталығы болып саналатын Діни басқармалары арасында әріптестік байланысты арттыруға уағдаластық. Түркі әлемінің ойшылы әл-Фараби бабамыздың 1150, хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойлары аясында өтетін ортақ іс-шараларымыздың, діни-мәдени конференцияларымыздың жоспарын талқыладық", - деп атап өтті Бас мүфти.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Түркия дін істері басқармасында бірқатар келіссөздер жүргізіп, тәжірибе алмасты.

Толығырақ ...

Бас мүфти бастаған делегация Анкарада екіжақты кездесуге қатысты

 islam-atyrau.kz/3 қазан, 2019 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Анкарада Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербашпен кездесті.

Ресми кездесуге ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Іс басқарушы Ербосын Орын, Қажылық және ұмра бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармасы арасында қабылданған ынтымақтастық туралы екіжақты келісімнің жүзеге асуы, оқу-ағарту саласы бойынша имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыру, діни өзекті мәселеде ортақ пәтуа шығару, бауырластық байланысты арттыру, т.б. бағыттар бойынша игі жобалар жайы сөз болды.
Бас мүфти түркі жұртының ғұламасы әл-Фарабидің 1150, хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ортақ игі шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Серікбай қажы Ораз қазақстандық имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыруға қолдау көрсетіп келе жатқан Түркия дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашқа алғысы мен ізгі ниетін жеткізді. Айта кетсек, бүгінде Түркияда "Хасеки" сынды жоғары діни оқу орындарында қазақстандық 47 имам білімін шыңдауда.

Кездесу барысында бауырлас елдердің байланысын арттыра берудің маңыздылығы сөз болды. Серікбай Сатыбалдыұлы құрмет пен ізеттіліктің белгісі ретінде қазақы салтпен Әли Ербаштың иығына шапан жапты.

Басқосу соңында тараптар екіжақты келісім мен ынтымақтастық аясын кеңейтуге уағдаласты.

 
Толығырақ ...

Атырауда «Киім пішу және кебіндеу» тақырыбында практикалық сабақ өтті

       islam-atyrau.kz/3 қазан, 2019 жыл.   Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы  бойынша  дәріс  жүруде.

     Аталмыш мешіттің бас имамы Ержан Қуанышұлының ұйымдастыруымен өткен дәріс барысында жамағатқа «Киім пішу және кебіндеу» тақырыбында практикалық сабақ өтті.

Дәріс алқасында ер мен әйелдің кебінінің айырмашылықтары, сонымен қатар қайтыс болған адамды жуындыру сынды өзекті  мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Жамағат тарапынан қойылған жаназаға қатысты сұрақтарға толыққанды мәлімет берілді. Дәріс соңында қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы таратылды.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Әт-Тақуа мешітінде қарияларға құрмет көрсетілді

islam-atyrau.kz/3 қазан, 2019 жыл.  Халықаралық Қарттар күніне орай, Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде қарияларға құрмет көрсетілді.

Жастар жамағатының ұйытқы болуымен өткен мерекелік шарада Әт-Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов «Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл міндет» атты тақырыбында уағыз айтты.

«Алла Тағала үлкеннің жасын сыйлап, құрмет көрсеткен жасқа қартайған шағында өзіне де дәл солай құрмет көрсетіп, қызмет ететін адам нәсіп етеді» атты хадисті келтірген Өсімхан Тілеуов үлкенге ізет көрсеткен дана халқымыздың «Қариясы бардың - қазынасы бар» атты қанатты сөзін  еске салды.

Шара соңында қарияларға сый-сияпат үлестіріп, ақсақалдар бата берді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...