Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам жергілікті қайырымдылық мекемесінің шәкірттерімен кездесті

   islam-atyrau.kz/28 қазан, 2019 жыл.  Атырау аймағының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс орталығында орналасқан мүфтияттың Атырау өкілдігіне қарасты қайырымдылық мекемесіне барды.

Аталмыш мекемеде қазіргі уақытта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алып жатқан он екі шәкірт тұрады. Шәкірттер күндіз дүниәуи ілім алса, кешкілік білімдерін діни іліммен шыңдауға мүмкіндік жасалған. Мұнда білікті ұстаздар исламның қайнар көздері туралы дәрістер оқиды, жастардың сауалдарына жауап береді. Ал, кітапханада ислам ғұламаларының еңбектерімен танысуға мүмкіндік бар.

Сонымен бірге, шәкірттер күніне екі мезгіл ас ауқатпен қамтамасыз етіліп отыр. Шәкірттердің орынақы құны да қолжетімді. Ай сайын небары он мың теңге. 

Бас имамды құрметпен қарсы алған мекеме ұжымы мен шәкірттер мүфтияттың Атырау өкілдігі жасап  отырған осындай мүмкіндік үшін алғыс айтты. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты

   islam-atyrau.kz/28 қазан, 2019 жыл  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мұнайлы өлке орталығында салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты. 

   "Қайырымдылық мекемесі мұсылмандық кеңінен қанат жайған әсіресе, еліміздің батыс өлкесіне керек. Бұл мекеме иманды жігіттерді, ибалы қыз балаларымызды тәрбиелеп шығару жолында аса маңызға ие болады. Және болашақта мешіттің сауатты жамағатының қатарын арттыруда да мұндай діни ілім беретін мекемелердің ролі зор. Сондықтан, біздің қазіргі мақсатымыз қайырымдылық мекемесінің құрылысын межелі уақытында аяқтап, қолданысқа енгізу" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрген Бас имам кейін жергілікті Мəулімберген мешітіне барды. Мешіттің ішкі жұмыстары туралы толыққанды ақпарат алғаннан кейін Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бірлікте, ынтымақта жұмыс істеу, қайырымдылық жұмыстарға көбірек көңіл бөлу мəселелеріне назар аударды. "Сонымен бірге, шəкірт оқыту, білімді мамандарды тəрбиелеу туралы тапсырмалар берілді. Жəне мешіттің ішкі тазалығына мəн беру, əсіресе дəретхана тазалығы мəселесі ерекше көтерілді. Біздің мақсатымыз - ізгілікті насихаттау" дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...