Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әт - Тақуа мешітінде «Пайғамбар ақидасы» кітабы бойынша дәріс басталды

   islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Әт - Тақуа мешітінде «Пайғамбар ақидасы» кітабы бойынша дәріс басталды.

«Автор  Серік Тәжібаев жинақтап шығарған бұл кітап нақты дәлел-дәйектерге құрылуымен құнды.  Оның ішінде қамтылатын жеті тақырып бар» дейді Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов.

Кітап негізінде жамағатқа жүргізілетін дәрістер – қоғамдағы діни сауаттылықты арттырады, дәстүрлі мәзхабты ұстанудың маңызын айқындай түседі» деп күтілуде.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДІН ІСТЕРІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСІНДЕ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл.  Түркияға ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінің жұмысымен танысты.

Алқалы жиынға Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы қатысты.

Дін істері жоғары кеңесінің өкілі орталықтың жұмысын баяндап берді. Кеңестің негізгі жұмыс бағыты - пәтуа шығару. Келіссөз барысында діни терең мәселелер бойынша ортақ пәтуалар базасын құру мәселесі сөз болды. Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы кеңес мүшелерімен сұхбаттасып, осы салада екіжақты келісім аясын кеңейтуді ұсынды.

Келелі кеңес соңында тараптар өзара байланысты арттыруға уағдаласты.

 

Толығырақ ...

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ТҮРКИЯ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (+ФОТО)

  islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияда басталған "Дін қызметкерлері және мешіт" апталығының ашылуына қатысты.

Салтанатты шараның шымылдығын Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш ашты.

Игі шараға Қазақстан тарапынан ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Іс басқарушы Ербосын Орын, Қажылық және ұмра бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Қадірлі дін қызметкерлері!
Баршаңызға Атажұрттағы ағайынның Анадолыдағы бауырларына, яғни Сіздерге жолдаған дұғай сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер! Алланың сіздерге амандығы мен берекеті болсын!

Баршаңызды "Дін қызметкерлері мен мешіт" апталығының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бастама Түркиядағы барша туысқан түрік бауырлардың рухани өміріне үлкен серпін береді деп сенемін.
Түркия - әріптес әрі ең жақын бауырлас ел. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық, бауырмалдық байланысты жоғары деңгейге көтерді.
Аллаға шүкір, бауырлас елдердің діни саладағы байланысы да артып келеді.
Алла Тағала Құранда бұйырғандай, біз бір-бірімізге жақсы істерде көмектесуіміз керек. Ол үшін ең алдымен бірлік керек.
Алла Тағала біздің бірлігімізді баянды етсін, түркі жұртына, барша мұсылман үмбетіне жар болсын!" - деп атап өтті.

 

 
Толығырақ ...

Жылыойда мектеп жасындағы мүгедек балаларға қайырымдылық көрсетілді

  islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл.    Жылыой орталық мешітінде қайырымдылық шарасы болып өтті.

Шара аясында мектеп жасындағы мүгедек балалар үшін дастарқан жайылып, тәтті толтырылған сыйлықтар үлестірілді.

Барлығы 30 баланы қамтыған шара аясында Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев қажы ата аналарға тағдырдың  жазғанына сабыр ету туралы әсерлі уағыз-насихат айтты.

«Бұл шара – қазан қамқорлық айы аясында жүзеге асырылып отыр. Біздің мақсатымыз кішкентай жүректерге мейірімділік отын себелеу» дейді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінде асар жалғасуда

   islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл.   Мәулімберген мешітінің жалғама құрылысын тұрғызу мақсатындағы асар жалғасуда.

«Өткен жексенбі күні мешіт жамағаты тағы да бірлескен асардың куәсі болды. Асарға негізінен жастар қатысты. Асарды мешітіміздің Жастар қанатының жетекшісі Марат Оразғалиев ұйымдастырды. Асар соңынан жамағатқа ризашылық білдіріп, дастархан жайдық. Онда береке-бірліктің маңызы туралы уағыз айтылды» дейді Мәулімберген мешітінің Бас имамы Мақсот Бағытжанов.

Асар аясында қайырымдылық шарасы да ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғын, ІІІ топ мүгедегі Бексұлтан Мұханғалиевке қаржылай көмек тапсырылды. Бұл қаражат Бексұлтанның отасына жұмсалмақ.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов мектеп оқушыларына уағыз айтты

 islam-atyrau.kz/2 қазан, 2019 жыл.   «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов мектеп оқушыларымен кездесті.

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Т. Амандосов атындағы орта мектептің 8-ші сынып оқушыларымен өткен кездесуде «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов «Пайғамбар ақидасы» кітабын таныстырып, онда көтерілген мәселелер бойынша уағыз айтты.

«Дін – адамзаттың бір бөлшегі. Себебі, ол рухани қажеттілік. Десе де, дінді ұстанған адам бұл дүниедегі негізгі міндеттерін де ұмытпауы керек. Яғни, оқу, білім алу, ата-анаға қамқор болу. Себебі, қасиетті Құранның өзі «Оқы!» деп басталады. «Пайғамбар ақидасы» кітабы біздің жастарымызға өмірлік үлгі бола алады» дейді ұстаз Мақсот Бағытжанов.

 Жоғары деңгейде өткен кездесуді Т. Амандосов атындағы орта мектептің тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Жəкиева жүргізді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...