Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рухани келісім күніне орай республикалық конференция өтіп жатыр (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/16 қазан, 2019 жыл.  Бүгін Елордада «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференция жұмысы басталды.

18-қазан – Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастаған зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері, түрлі қоғамдық ұйым жетекшілері және еліміздегі діни бірлестіктер басшылары қатысты. Айтулы басқосуға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, еліміздегі тұрақтылық пен бірлік тақырыбында арнайы баяндама жасады.

Республикалық конференция аясында көпшілік назарына 14 діни конфессиялардың қалыптасу тарихы туралы сыр шертетін экспонаттар көрмесі ұсынылды. Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Толығырақ ...

ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ: ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

  islam-atyrau.kz/16 қазан, 2019 жыл. ҚМДБ жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының 2019-2020 оқу жылының алғашқы «Тамыз-қазан, 2019» легін аяқтаған дін қызметкерлеріне куәлік табысталды.


Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы«Еліміздің әр өңірінен келген имам-молдалар  екі ай бойы діни және дүнияуи пәндерді оқып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты. ҚМДБ, біз институт басшылығы мен ұстаздары осында оқыған имамдарға  зор үміт артып отыр. Білім алудың және оны өзгелерге жеткізудің өзі парыз болғандықтан, алған ілімдеріңізді жамағаттарыңызға жеткізу сіздерге жүктелген амал» - деп, бітіруші имамдарға жылы лебізін білдірді.  

Іс-шараға қатысқан ҚМДБ дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы имамдық қызметтің жауапкершілігі жайында дәріс оқып, игі ниетін жеткізді.








 


Бітіруші түлектер Ислам институтының ұжымына алғысын білдіріп, ақсақал имамдар ақ батасын берді.

Толығырақ ...