Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой ауданында қайырымдылық шарасы өтті

  islam-atyrau.kz/14 қазан, 2019 жыл.   Қазан – қамқорлық айына орай, Жылыой ауданында қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі  Жастар ісі секторының Жылыой ауданындағы бөлімі ұйымдастырған шара аясында қарттарға дастархан жайылды.

Мерекелік дастархан қамқорлықты қамқорлықты қажет ететін қарттарды  және мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтыды.

Шара аясында Жылыой мұсылмандар мешітінің ұстазы Думан Балықшиев «адамдарға мейірімді болу»  тақырыбында уағыз айтты.

«Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда, мемлекетте тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алла Тағала адам баласын Құран Кәрімде: «Ол жаратылғандардың ішіндегі ең абыройлысы», – деп дәріптейді. Сондықтан, ата-бабаларымыз осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, ұрпағын ізеттілікке, ізгілікке тәрбиелеген. Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханияттың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды» деп атап өткен ұстаз жастарды ізгілік жолында бірігуге үндеді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ЗЕРДЕЛІДЕ МЕШІТ АШТЫ

 islam-atyrau.kz/14 қазан, 2019 жыл.   Жетісай ауданы, Зерделі ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Алланың үйінің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз қатысты.

Жамағатқа құтты болсын айтып, игілікті істі атқарған Каналбай Сейілбековтың әулетіне ризашылығын білдірді.

Мешіт ескі намазхананың орнынан бой көтерді. Сыйымдылығы 250-300 адам. Құрылысы жарты жылда аяқталды. Барлық жағдайлар жасалған.

Толығырақ ...