Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат ауданының имамы мектеп оқушыларымен кездесті

  islam-atyrau.kz/1 қазан, 2019 жыл.   Мақат кентіндегі  Х.Санбаев атындағы орта мектепте «Дін мен террор егіз емес. Ислам діні - бейбітшілік діні» атты тақырыпта кездесу өтті.

 Кездесуге Мақат аудандық орталық  мешітінің бас имамы Б.Сағындықов, Мақат аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Айтмұханқызы, Мақат ауданы ақпарат талдау орталығының өкілі Р.Сағытжанқызы,  мектеп мұғалімдері, ата-аналар және 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Мешіт имамы жастарымызға дәстүрлі ислам діні, діни экстремистік ағымдардың кері әсері, білім алудың маңыздылығы және ата-ананың қадірі туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, шара аясында Мақат ауданының бас имамы Б.Сағындықов «Пайғамбар ақидасы» кітабын жастарға таныстырып, еңбекті  оқып шығуға кеңес берді.

Салиқалы кеңес үшін мектеп ұжымы орталық мешіт имамы Б.Сағындықовқа алғыс білдірді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырауда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабына арналған дөңгелек үстел өтті

    islam-atyrau.kz/1 қазан, 2019 жыл.  Атырауда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабына арналған дөңгелек үстел өтті.

Атыраудағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жамағат арасында өткен іс-шарада садақа кезіндегі жоралғылар, ас мәзірі сынды дүниелерді бірізділікке түсіру мәселесі талқыланды.

Әсіресе, қаралы үйді аста-төк шығынға батырмау тақырыбы өзекті талқыланған шара барысында марқұмды кебіндеу бойынша арнайы дәріс жүргізілді.

«Ажал айтып келмейді. Қазақта «Өзекті жанға бір өлім» деген сөз де бар. Демек, марқұмды кебіндеуді әр мұсылман баласы білуі тиіс. Сабақты мешітіміздің наиб имамы Айтжан Абдиров жүргізді. Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жамағатқа «Пайғамбар ақидасы» кітабы бойынша дәріс жүруде

   islam-atyrau.kz/1 қазан, 2019 жыл.   Атыраудағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жамағат үшін «Пайғамбар ақидасы» кітабы бойынша дәріс жүріп жатыр.

Ондағы мақсатымыз – жамағаттың бірлігін, қоғамның тұтастығын сақтау. Ағарту шаралары жастар арасында да үздіксіз жүріп жатыр. «Пайғамбар ақидасы» кітабының жас буынды жат ағымнан сақтандыруда да маңызы ерекше. Бәріміз бір құбылаға бет бұрғаннан кейін, бір сенімде болып, бірлікте, тыныштықта болуымыз маңызды» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау: Әйел - қыздар секторы қарттарға мереке ұйымдастырды

 islam-atyrau.kz/1 қазан, 2019 жыл.  Қазан – қамқорлық айы. Әрі осы айда қазыналы қарттарымыздың мерекесі де бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысының Әйел - қыздар секторының ұйымдастырушысы АйжарқынТүзелованың ұйымдастыруымен және «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан  Тілеуовтың қолдауымен қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылды.

«Шараға негізінен ақжаулықты әжелеріміз, аналарымыз қатысты. Мерекелік дастарханды «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан  Тілеуов өзі ашты. «Қарты бардың қазынасы бар» деген халқымыз қашанда үлкендерді құрметтеуді дәріптеп келді. Ислам дінінде де үлкенге құрмет көрсету – қайырлы іс. Мерекелік шара рухани кеш деңгейіне көтерілді» дейді ұстаз Айжарқын Түзелова.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...